"Абердин" - "Қайрат" матчының қазақстандық аудармашысы өзіне салынған айыппұлдың себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Абердин" - "Қайрат" матчының қазақстандық аудармашысы өзіне салынған айыппұлдың себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ернар Ақшабаев "Абердин" командасының Қазақстанның жанкүйерлерімен байланыс мақсатындағы баспасөз мәслихаттарында аудармашы әрі клубтың ресми байланыс адамы болды. Осыған дейін клубтың оған "Қайрат" командасына жақтасқаны үшін айыппұл салғаны хабарланған болатын.
"Абердин" менің "Қайратқа" жақтасқаныма және Еуропа Лигасының келесі квалификациялық раундына шыққанына өзге жанкүйерлермен бірге қуанғаныма көңілі толмады. Ал жалпы менің жұмысым мен аудармамның сапасына көңілі толды, алайда мен бұл салада жұмыс істеп көрген емеспін. Жалпы аудармашы болмасам да "Қайратты" қолдап, Қазақстанның туын желбіретер едім. Өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар, өз елің үшін сондай мақтанышты ештемемен алмастыруға келмейді!", - деді Ақшабаев. Ол қазіргі уақытта Эдинбургте "Болашақ" бағдарламасымен оқып жатыр. Ол өзіне қандай айыппұлдың салынғанын түсіндірді.
"Олар бару-келі жол ақысын, қонақүйде болуымның ақысын, сонымен қатар, екі күндік жұмысыма жалақы төледі. Осы жерден "Қайратқа" қолдау білдіргенім үшін 25 пайызын ұстап қалды", - деді қазақстандық аудармашы.
Еске салайық, бұл кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Дегенмен, Алматыда өткен матчта 2:1 есебімен жеңген "Қайрат" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты, ол енді Францияның "Бордо" командасымен ойнайды.