17 тамыз 2015 | 22:04

"Эйр Астана" ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы деген мәртебеге ие болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© strategy2050.kz © strategy2050.kz

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қазақстандағы ең ірі әуе тасымалдаушысы "Эйр Астана" АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Компания "ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуетасымалдаушысы" деген эксклюзивті мәртебеге ие көрме серіктесі атанып отыр, - деп хабарлайды strategy2050.kz порталы. Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың және "Эйр Астана" әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің қатысуымен салтанатты қол қою рәсімі өтті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қазақстандағы ең ірі әуе тасымалдаушысы "Эйр Астана" АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Компания "ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуетасымалдаушысы" деген эксклюзивті мәртебеге ие көрме серіктесі атанып отыр, - деп хабарлайды strategy2050.kz порталы. Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың және "Эйр Астана" әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің қатысуымен салтанатты қол қою рәсімі өтті.

"Эйр Астана" Қазақстандағы ең ірі әуетасымалдаушы болып табылады және бүгін қол қойылған меморандум біздің ынтымақтастығымыз аясында жасалған бірінші қадамға айналды. Компанияның әуе жолдары көмегімен осындай ірі ұлттық жобаны бүкіл әлемде ілгерілетуге мүмкіндік пайда болып отыр. Біз "Эйр Астана" ұшақтарының борттарында ЭКСПО-2017 логотипін орналастырып, әуе компаниясының басшылығымен көрмені ілгерілетуге арналған бірлескен жоспарды әзірлейін деп отырмыз, бұл жалпы EXPO-2017 көрмесінің халықаралық алаңдағы имиджіне жемісті ықпал етеді. Сонымен қатар, Қазақстанға келген тұлғаларға және әуекомпанияның транзиттік жолаушыларына 2017 жылғы көрмеге тегін билеттер ұсынылатын болады", - деп атап өтті өз сөзінде Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде "Эйр Астана" компаниясының президенті Питер Фостер алда келе жатқан көрменің тақыры "Болашақ энергиясы" болғандықтан, энергетика саласындағы инновациялық, қолданбалы шешімдерге және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне басты назар аударылатынын атап өтті. "Біз компаниямызда қоршаған ортаны барынша жақсы қорғауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды ендіруге бағытталған шараларды қабылдап отырмыз. Дәл осы себепті Париждегі соңғы әуешоуда біз NEО тобына жататын Airbus A320 ұшағын сатып алуға ниетті екеніміз жөнінде мәлімдедік, бұл ұшақтардың қозғалтқышы ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін 15 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. NEО лайнерлері 2016 жылы ендірілетін болады. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық үлкен қарқынмен жүргізілуде. Біз Астананың қонақтар алдында өз есігін айқара ашатын сәтін асыға күтудеміз», - деді Питер Фостер.

Сонымен қатар, қойылған меморандум аясында expo2017astana.com веб-сайтына автоматтандырылған брондау жүйесін кіріктіру мәселелерін тыңғылықтау және бірлесе PR-науқанды өткізу жоспарланып отырғаны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer