18 тамыз 2015 | 16:24

"Әліби" ісі бойынша сотталған Қайрат Жамалиевтің мүлкін сату тәртібі түсіндірілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қайрат Жамалиев сот залында. © Тұрар Қазанғапов Қайрат Жамалиев сот залында. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Қаржы министрлігі атышулы "Әліби" ісі бойынша мүлкін тәркілеу арқылы 13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиевтің мүлкі аукционда сатылуы мүмкін немесе мемлекеттің меншігіне өтуі мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Руслан Дәленов Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Еске салайық, Қайрат Жамалиев Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың арызы бойынша сотталып, "Бопсалау", "Бостандығынан заңсыз айыру" және "Сексуалдық мәндегі зорлау әрекеті" баптары бойынша кінәлі деп танылған еді. "Бопсалау" бабы оның мүлкін тәркілеуді қарастырады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қаржы министрлігі атышулы "Әліби" ісі бойынша мүлкін тәркілеу арқылы 13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиевтің мүлкі аукционда сатылуы мүмкін немесе мемлекеттің меншігіне өтуі мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Руслан Дәленов Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Еске салайық, Қайрат Жамалиев Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың арызы бойынша сотталып, "Бопсалау", "Бостандығынан заңсыз айыру" және "Сексуалдық мәндегі зорлау әрекеті" баптары бойынша кінәлі деп танылған еді. "Бопсалау" бабы оның мүлкін тәркілеуді қарастырады.

Дәленов соттың үкімі заңды күшіне енетін жағдайда Қайрат Жамалиевтің мүлкін сату тәртібінің қандай болатынын түсіндірді. Еске салайық, кәсіпкерден "PetroMunaiContract" ЖШС 50 пайыз үлесі, "HOST" ЖШС 45 пайыз үлесі, "Империя Лото-2012" ЖШС 60 пайыз үлесі", "Паритет 2003" ЖШС 50 пайыз үлесі, "Villeroy KZ" ЖШС 51 пайыз үлесі, Lexus, Mercedes, Lamborghini автомобильдері, "Банк Центр кредит" АҚ-дағы қаражаты, жинақ есепшоты және номерлері түріндегі мүлік тәркіленеді деп жоспарланып отыр. 

Тәркілеу бойынша функцияның сот орындаушыларына артылатыны хабарланып отыр. Олар "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың ережесіне" сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне және аймақтағы органдарына жіберіледі және есепке алынады. Бұдан кейін мемлекеттік сатып алулар арқылы мүлікті бағалауға арнайы бағалаушы таңдалады. 

Атқарушы орган мүлікті бағалағаннан кейін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына Қаржы министрлігінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сонымен қатар, қажет болған жағдайда санэпидқызмет, мемлекеттік кірістер органдары және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұл комиссия мүліктің қайда жіберілетінін шешеді: оны мемлекет иелігіне (мемлекеттік органдардың бұған қажеттілігі туған жағдайда), әлеуметтік қызмет ұсынушыларға (өмірлік қиын жағдайларға тап болған тұлғаларға мемлекет қаражаты есебінен көмек көрсететін ұйымдарға) және аукционда сауда ұйымдары және қор биржалары арқылы сатылуға өткізілуі мүмкін.

Сатушы (атқарушы орган) нақты мерзімді белгілеп, сауда өтетін орынды анықтауы тиіс. Ережелерге сәйкес, мүлікті сату www.gosreestr.kz адресіндегі мемлекеттік реестр веб-порталында жүзеге асады. "Ол саудаға жалпыға қолжетімді етуге, әділ өткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, барлық сауда ашық түрде өтеді", - деді Дәленов. Оған жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қатыса алады. Бірінші сауда ағылшын аукционының тәртібінде өтеді. Ең жоғары құн айтқан қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Алайда ережелерде Қайрат Жамалиевтің мүлкін арзан бағаға өткізуге мүмкіндік беретін жағдайлар да қарастырады. "Егер мүлік қойылған күннен бастап айлық мерзімде сатылмаса оның құны комиссияның шешіміне сәйкес, түсе бастайды; егер мүлік екі ай мерзімде сатылмаса сатушы комиссияның шешімінің негізінде оның құнын ең төменгі бағаға дейін түсіреді. Мүліктің бағаланған құнынан 50 пайыздан асыра арзандатуға жол берілмейді", - делінген ережеде. 

Еске салайық, Қайрат Жамалиев 2015 жылдың 7 тамызында сотталды. Оның адвокаттары үкімді жеңілдету мақсатында таяу арада шағым түсіреді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer