18 тамыз 2015 | 15:15

Экономикалық қылмыстар үшін мемлекетке 950 миллион теңге өтемақы төленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде сот жүйесін "100 нақты қадам" - баршаға арналған заманауи мемлекет» ұлт жоспары аясында реформалау шаралары және республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартысындағы жұмыс қорытындылары талқыланды.

Қазақстан Президенті осы саладағы жаңа кодекстердің қолданыла бастауын және бас бостандығынан айыруды мемлекетке келген зиянның орнын толтырумен алмастыратын қамауға алуға балама шаралар мен жазаларды мейлінше кеңінен қолдануды қоса қамтитын реформалардың оң ықпалын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық құқық бұзушылықтарды тіркеу ауыр қылмыстардың санын азайтуға септігін тигізгеніне назар аударды.

Жоғарғы соттың төрағасы соңғы жарты жылда республикамызда істі қараудың мерзімі мен сапасы артып келеді. Республика бойынша сот актілерінің 98,6 пайызы заңды. Елімізде сотталғандардың саны азайып, экономикалық қылмыс үшін мемлекетке 950 миллион теңге өтемақы төленді.

Жоғарғы сот төрағасы республикада сот төрелігін жүзеге асырудың өткен жартыжылдықтағы қорытындылары сапа көрсеткішінің тұрақтылығы мен істі қарау мерзімінің сақталып отырғанын көрсететінін айтты. Республикада шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылған. Елде сотталғандардың саны айтарлықтай қысқарып, ал жасалған экономикалық қылмыстар үшін мемлекетке қайтарылған қаражаттың жалпы көлемі биыл шамамен 950 миллион теңгені құраған.

Қайрат Мәми Жоғарғы Сот реформаны жүзеге асыру, соның ішінде үш буынды сот жүйесіне көшу тұрғысынан рет-ретімен жүргізілетін шараларды атқарғанын айтты. Сонымен қатар судьялыққа кандидаттарға арналған жаңа біліктілік талаптарын енгізу, Жоғарғы Сотта инвестиция жөніндегі мамандандырылған алқа құру және Халықаралық консультативтік кеңес құру мәселелері де қарастырылған.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer