20 тамыз 2015 | 14:34

Келімбетов Ұлттық банктің осы күнге дейін неліктен үндемей келгенін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов баспасөз мәслихатында қаржы регуляторының 19 тамызда валюта нарығындағы жағдайға пікір білдірмеуін заңды бұзып жатқан айырбас пункттерінің жазаланатынымен түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов баспасөз мәслихатында қаржы регуляторының 19 тамызда валюта нарығындағы жағдайға пікір білдірмеуін заңды бұзып жатқан айырбас пункттерінің жазаланатынымен түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 тамызда қазақстандық бірқатар банктің сайтында доллар бағамы 194 теңгеден асты. Алайда ҚР Ұлттық банкі бұл мәліметке қатысты пікір білдірмеген еді. 

"Кеше таңғы сессия орташа алғанда 188 теңгемен аяқталды, алайда бізде әдеттегідей түрлі болжам болды. Жалпы алғанда, дәліз ішінде банктік және банктік емес айырбас пункттерінде сату мен сатып алулар болды. Негізінде банктік айырбас пункттер шамадан тыс жоғары бағамды қойды, бұл өткен заманның белгісі. Белгісіздіктің бұл заманы өткен шақта қалды. Енді барлығы ашық түрде және түсінікті болады. Валюталық алдау өткен шаққа кетуі керек. (...) Ешқандай да хаос болған жоқ. Бізде әдеттегідей, бір кезеңнен екінші кезеңге өту жайлы барлығы бәрін біледі. Бұл мәліметтің жайылып кетуі деп аталады, ал агенттер осы жол арқылы пайда тапқысы келеді. Айырбас пункттерінің бұл әрекеті орынсыз. Олар заңнама аясында сату мен сатып алу курсын өзгертуге құқылы емес. Кеше заңды бұзғандарды біз тіркеп отырдық, олар жазалаусыз қалмайды", - деді Келімбетов Tengrinews.kz тілшісіне жауап бере отырып.

Сонымен қатар, ҰБ басшысы халық пен банктерге түсіндіру саясатының дайындалғанын айтты. "Өту мен жария етудің саясатына келсек, кеше ішкі сессия (KASE қор биржасында) 188-бен аяқталды, біз аргументация мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының кешенді бағдарламасын дайындадық, онда халықтың, бизнестің, банктердің жаңа ақша-кредит саясатына қалай қарауы керектігі, онымен қалай жұмыс істеу керектігі айтылады. Біз банктермен кездестік, кеше оларға күн бойы қалай жұмыс істеу керектігін түсіндірдік. Барлығы бәрін білді, біз әңгімелескен деңгейде ешқандай да дүрбелең болған жоқ, біз бұған жоспарлы түрде және кезең-кезеңімен өтіп жатырмыз. Бұл ауыртпашылығы жоқ процесс емес. Түсінуіміз керек: біз не қауіп-қатерді күтумен өмір сүріп, түнделетіп айырбас пункттеріне жүгіреміз, не бұл кезеңнен бағамды нарық анықтайтын кезеңге өтеміз және халық түнде алаңсыз ұйықтайды, ал шағын және орта бизнес өз бизнесін қор жинау негізінде жасайды. Ақпараттық-түсіндіру саясатына келсек, біз барлық сұраққа бүгін қабылданған шешім аясында жауап беруге дайынбыз", - деді ҰБ басшысы.  

Еске салайық, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.
 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer