20 тамыз 2015 | 15:01

Қазақстан автодилерлері бағам тұрақталғанша сауданы тоқтатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© prokazan.ru © prokazan.ru

Қазақстанның автодилерлері теңге бағамының өзгеруіне байланысты бағаларды қайта есептеу үшін сауданы тоқтатып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нақтырақ айтқанда, "Астана-Моторс", Allur Auto и "Бипэк Авто" сауданы жасамай отыр. Еске салайық, KASE қор биржасында таңғы сессия бойынша доллар бағамы 255,26 теңгеге тең болды. Қазіргі уақытта күндізгі сессия жүріп жатыр. Ол 15.30-ға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша, валютаның жаңа курсы белгілі болады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның автодилерлері теңге бағамының өзгеруіне байланысты бағаларды қайта есептеу үшін сауданы тоқтатып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нақтырақ айтқанда, "Астана-Моторс", Allur Auto и "Бипэк Авто" сауданы жасамай отыр. Еске салайық, KASE қор биржасында таңғы сессия бойынша доллар бағамы 255,26 теңгеге тең болды. Қазіргі уақытта күндізгі сессия жүріп жатыр. Ол 15.30-ға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша, валютаның жаңа курсы белгілі болады. 

Қазақстан автодилерлерінің өкілдері курстың тұрақты болғанын күтіп отыр. "Бағам тұрақталса сауда жүргізіле бастайды. Телефон соғыңыздар", - деп хабарлады "Бипэк Авто". Өз кезегінде "Астана-Моторс" та кейін хабарласуды сұрады. "Қазіргі уақытта сауда тоқтатылды, қазір жаңа прайс-парақша жасалып жатыр. Көліктерді сатып жатқан жоқпыз. Өз телефондарыңызды қалдырыңыздар, қайта телефон соғамыз. Көмектесер едік, бірақ өзіміз де нақты білмейміз. Кешке қарай немесе ертең сөйлесуге болады", - деді "Астана-Моторс" компаниясының менеджерлерінің бірі.

Allur Auto компаниясының сауда бөліміндегілер сауданың қашан қайта жалғасатынын білмейтіндерін хабарлады. "Әзірше ештеңе білмейміз. Күн бойынша мәселе шешілсе, айтамыз", - деп хабарлады компания менеджері. Tengrinews.kz тілшісінің ескі курспен сату мүмкіндігі жайлы сұрағына ол мұндай варианттың да болып қалуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Ал өз кезегінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы баспасөз мәслихаты кезінде Қазақстан автодилерлерінің мемлекеттің қосымша қолдауына ие болатынын мәлімдеді. "Біз автоөндірушілерімізді қолдап, оларға автомобильдерді сатып алуға кредит бердік: 15 миллиард теңге жеңіл автокөлікке бөлінді, 5 миллиард жүк көліктерін сатып алуға бөлінді. Бүгінде жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасында қаражат таусылуға жақын. Біз енді тағы да қолдау білдіруді шештік - қосымша 10 миллиард теңгені автонесиелеуге бөліп жатырмыз. Осылайша жыл қорытындысы бойынша, жалпы елде өндірілген автокөліктердің 40 пайызы осы бағдарламаның үлесінде", - деді Сағынтаев.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer