20 тамыз 2015 | 16:52

Назарбаев еркін ауытқу бағамына өтудің себебін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еркін ауытқу бағамына өтудің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еркін ауытқу бағамына өтудің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"(...) Еуроодақты қосқанда көпшілік елдер өз валюталарының құнсыздануына жол берді. Экономика бойынша күрделі жағдай туындады, өз кәсіпорындарымыздың бәсекелестігінің әлсірегенін қазірдің өзінде көріп отырмыз, бұл кәсіпорындарда еңбек етіп жатқандарға әсерін тигізеді. "Атамекен" Ұлттық палатасының мәліметінше, көптеген кәсіпорын Ресейге баратын экспорттың төмендеуімен соқтығысты. Оның үстіне олардың өніміне Қазақстандағы нарықтың ресейлік өндірушілері қысым көрсетіп жатыр. Маған келіп жатқан хаттардың, өтініштердің бірнешеуін ғана оқимын. Мәселен, Кентаудағы зауыт Ресейге өнім жеткізуді 47 пайызға қысқартты, ал 50 пайыз жұмысшылары жұмыстарынан айырылған. (...) Алматы ашытқы зауыты өнімі 50 пайызға қысқарып қалған (...) Қазақстан бойынша мұндай мысалдар көп. Қамтамасыз ету, жалақы төлеуде жағдай нашарлап жатыр, қазірдің өзінде бюджетіміздің айналасындағы жағдайдың нашарлағанын байқап отырмыз. Бюджетке 2015 жылы түспеген табыс көлемі - 264 миллиард теңге", - деді Назарбаев Ақордадағы жиында.

Оның айтуынша, елдің жағдайдан шығуға үш жолы болды - ең қолайлысы еркін ауытқу бағамына өту болды. "Бізде үш жол болды - не ештеңе істемеу, жағдайдың жақсаруын күту, алайда мұндай саясаттың кесірінен елдің өндірісі қысқаратын еді, оның үстіне жұмыс орындарынан айырылып, валютамызды, резервті жұмсар едік. Екінші нұсқа - теңге бағамының дәліз аясында бірқалыпты әлсірету, бұл саясатты осы күнге дейін Ұлттық банк жүргізіп келді, мұндай нұсқаның алтын-валюта резервіне келтірер шығыны көп. Бұл бәсекесіздік пен жалпы үлкен шығынға ұрындырады. Сондықтан ойлана келе, барлық мүмкіндікті қарастыра келе, еркін ауытқу бағамына, инфляциялық таргеттеуге өту туралы шешім қабылданды. Үкімет пен Ұлттық банк бүгін еркін ауытқу бағамына өту туралы жария етті. Яғни бағам анықталады. Тікелей айту керек - бұл мәжбүрлі шара, басқа жолы болмады. Дағдарыс әрқашан түзетулер енгізеді", - деді Президент.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer