20 тамыз 2015 | 18:18

Назарбаев жалақыны өсіруге мораторий жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалақы мен шенеуніктердің көбеюіне мораторий жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан, мұнда Мемлекет басшысы үкімет мүшелерімен және республиканың бизнес қауымымен кездескен болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалақы мен шенеуніктердің көбеюіне мораторий жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан, мұнда Мемлекет басшысы үкімет мүшелерімен және республиканың бизнес қауымымен кездескен болатын. 

Президент Қазақстанның дағдарыстан шығуы үшін және үнемдеуді үйренуі үшін қандай шараларды жүргізуі керек екенін айтып берді. Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінгі жағдай әрбір кәсіпорыннан және үкіметтен ұзақмерзімді шараларды талап етеді.  

"Бүгінгі жағдай, басымыздағы жағымсыз трендтер - мүлдем басқа. Бұл барлығына әсер етеді және әсіресе өнеркәсіпке әсерін тигізеді. Яғни жалпылық төмендеу тенденциясы. Бұл бөлікте алдымызда не барын кім біліпті. Бір де бір сарапшы жақсылап айтып бере алмайды. Шын мәнінде болжам айтатындар жоқ, болжам бар, есеп те бар. (...) Болжам жасау қайырлы іс емес", - деп есептейді Президент. 

Ол қазақстандықтарда қолда бар жағдаймен өмір сүруге шақырды. "Бюджетіміздің табыс көлеміне байланысты жаңа жобаларға, жаңа бастамаларға жұмсалатын шығындар қатаң түрде шектеледі. Бұл қалыпты жағдай. (...) Күн сайын қол жайып, үкіметке бара берудің қажеті жоқ. Сондықтан кеңейтілуге, жалақыға, штаттарға, шенеуніктерге мораторий жариялаймын. Ең кемі 2016, 2017, 2018 жылдарға. Ал егер жағдай түзелсе және жағдаят басқа болса, онда әрине, қарастырамыз", - деді Президент. Ол республикалық бюджеттің дефицитінің 2018 жылға дейін 1 пайызға түсуі керектігін еске салды. 

Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer