21 тамыз 2015 | 09:25

Теңгенің құлдырауы жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Newstop.kz © Newstop.kz

Жылжымайтын мүлік нарығының жетекші сарапшылары "Крыша" басылымының тілшілерінің еркін ауытқу бағамына өтудің отандық баспана нарығына қалай әсер ететіні және үй бағасының қандай болатыны, нарықтың тұралап қалуы немесе бағаның біртіндеп теңгеге өтуіне байланысты қарқын алуы жайлы сұрақтарына жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жылжымайтын мүлік нарығының жетекші сарапшылары "Крыша" басылымының тілшілерінің еркін ауытқу бағамына өтудің отандық баспана нарығына қалай әсер ететіні және үй бағасының қандай болатыны, нарықтың тұралап қалуы немесе бағаның біртіндеп теңгеге өтуіне байланысты қарқын алуы жайлы сұрақтарына жауап берді.

Сауалға жауап берген сарапшылардың басым бөлігі бұл жағдайдың қатерлі екенін айтты, себебі ұлттық валютаның бұлай құлдырайтынын ешкім күткен жоқ. 

Сарапшылар девальвациядан халықтың әсіресе төлем қабілеті бар бөлігінің зардап шегетінін айтып отыр. Алайда бұл жағдай сатушыларға да сәтті емес екені айтылады: олар өз нысандарын бұған дейін белгілеген бағаға сата алмайды. Барлығы күтуге кіріседі. Айтпақшы, қазірдің өзінде үй салушылар жұмысты тоқтатып қойды.  

Сарапшылардың болжамына қарағанда, жылжымайтын мүлік нарығында кем дегенде қыркүйекке дейін өліара кезең күтіледі. Кейін ғана қозғалыс болуы мүмкін.

Теңгенің құлдырауы баспана нарығындағы келісімдердің санын айтарлықтай азайтады. Бұл жағдайда әсіресе доллармен кредит алып, бірақ бұған дейін бекітілген бағамен үй алып үлгермеген сатып алушылар зардап шегеді. 

"Теңгенің шілдедегі құлдырауы нарық қатысушыларының көңіл-күйіне қатты әсер ете қоймады, себебі болжамда мұндай жағдайдың болатыны бар еді. Әрине, бұл жағдай кейбір тұтынушылардың тарапының келісімдерді кейінге қалдыруына және қызығушылық танытпай отырған сатып алушылардың кетуіне себеп болды", - деп есептейді Қазақстанның риэлторлар біріккен ассоциациясының вице-президенті Нини Лукьяненко.

Ол баспананың доллар эквивалентінде 20 пайызға арзандайтынын болжады. Алайда, оның пікірінше, Қазақстан бұл жағдайдан кейін құнды доллармен бағалауды доғармайды. 

"Баспана құнының теңгемен есептелетін жағдайына өтуіне себеп көріп тұрғаным жоқ. Үкімет жүргізген соңғы шаралар нарық қатысушыларының келісімді доллармен жасасуға деген ниетін күшейтеді, себебі бұл сенімдірек валюта", - деді Лукьяненко.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов Қазақстан жылжымайтын мүлік нарығы үшін 20 тамызды "қара бейсенбі" деп атады. Оның пікірінше, алдағы уақытта екі сценарийді күту керек. "Біріншісі - нарық тұралап қалады, одан кейін құлдырайды, екіншісі - нарық бағаның төмендеуінің және бағаның дедолларизациясының есебінен қалықтап тұрады", - деп мәлімдеді ол бұл жағдайдың нарық қатысушыларына тәуелді екенін айта отырып. Алайда Мүсірепов алдағы 1-2 жылда доллармен бағаланған баспана құнының 20-30 пайызға дейін төмендейтінін айтты.  

"Баспананың барлық сегментіндегі сатушылар мен жалға берушілердің доллардағы құнды 20-30 пайызға төмендететіні анық жайт, - деп мәлімдеді ол. - Жалпы алғанда алдағы жылдарда, менің ойымша, баға долларына 155-160 теңге қатынасындағы көрсеткішке оралады. Біз бұл межеге осы көктемде жетіп қойғанбыз. Келісімдер осы қатынаста жасалды. Баға құлдырауы тағы болады деп ойлаймын".

Еске сала кетейік, кеше ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. Нәтижесінде доллар бағамы 198 теңгеден 252 теңгеге дейін көтеріліп кетті.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer