Құрылыстың көбейгеніне қарамастан Алматы мектептерінде оқушыларға орын жетіспей жатыр. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек тамыз айында білім беру саласының қызметкерлерімен болатын жиында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құрылыстың көбейгеніне қарамастан Алматы мектептерінде оқушыларға орын жетіспей жатыр. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек тамыз айында білім беру саласының қызметкерлерімен болатын жиында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Байбектің айтуынша, биыл білім беру саласына 54,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл былтырғыдан 11 пайызға жоғары. "Оқулықтарды сатып алуға 2 миллиард теңге бөлінді. Маған Алматы мектептері оқулықтармен 100 пайыз қамтылғанын хабарлады. Сонымен қатар, 3-6 жас аралығындағы 17 мың балаға балабақшаларда орын жоқ. Биыл Түрксіб және Алатау аудандарында екі балабақша пайдалануға берілді. Келесі жылы Алатау ауданында тағы да балабақшалар ашу жоспарланып отыр, - деді Байбек. - Жекеменшік балабақша ашу да кәсіпкерліктің ерекше түрі. Осыған орай аудан әкімдері жекеменшік балабақшалар ашу үшін инвестиция тарту мәселесін қолға алу керек. Бұл күрделі экономикалық жағдай кезінде өте маңызды".
Бауыржан Байбектің айтуынша, қаланың коммуналды меншігі Шашкин көшесі бойындағы балабақшаға қайтарылды. Осылайша балабақша кезегін төрт мың адамға қысқартуға болады. Әкім мектептегі білім беру саласына қатысты мәселені де көтерді. Ол дамыған мемлекеттерден үлгі алу керектігін айтты. Оның айуынша, елдің экономикасының өсуі білім беру сапасына тікелей байланысты. Сондықтан да мұғалімдер балалардың жеке қасиеттеріне мән беріп, оларды дамытумен айналысуы керек. Сонымен қатар, психологияға да мән беру керектігі айтылды. Қала әкімі ағылшын тілін оқытудың маңыздылығын да айтты.
Жиын соңында Байбек Мақатаев атындағы №10 мектеп-гимназиясына 17 миллион теңге табыстап, мұғалімдер мен мектеп директорларын алғыс хатпен, сыйлықтармен марапаттады.