22 тамыз 2015 | 11:33

ҚР Ұлттық банкі салымшылардың депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеуді қолға алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен бірлесіп жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетігін әзірлеу мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қазақстан еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін доллар бағамы күрт өсіп кетті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетігін әзірлеуді тапсырды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен бірлесіп жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетігін әзірлеу мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қазақстан еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін доллар бағамы күрт өсіп кетті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетігін әзірлеуді тапсырды.

Жұмыс тобының құрамына Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері кірді. "Өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша шоттағы қалдық сомасы 1 миллион теңгеге дейін болатын жеке тұлғалардың теңгеде ашылған мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады. Депозит банктегі арнайы шотта бір жыл бойы сақталған жағдайда азаматтарға бағамдық айырма өтелетін болады", - деп жазылған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз хабарламасында.

Ұлттық банк өкілдері экономиканың орнықты ұзақмерзімді өсуін қамтамасыз ету үшін шаралар топтамасының әзірленгенін хабарлады. "Айырбастау бағамының жаңа режімі Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелерінің ақша нарығындағы қысқамерзімді мөлшерлемелерге ықпалын арттырады. Өз кезегінде, ақша нарығының мөлшерлемелері экономикадағы кредиттік ресурстардың және инвестициялардың құнына, іскерлік белсенділік пен инфляцияға әсер ететін болады. Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі атаулы пайыздық мөлшерлемелерге әсер ететін басты құрал. Ақша-кредит саясатының қалған құралдары бойынша пайыздық мөлшерлемелер базалық мөлшерлемеге тәуелді болады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банкінің порталында доллардың ресми бағамы жарияланды: доллар - 252,47 теңгеге тең.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer