27 тамыз 2015 | 12:33

Қайрат Түнтеков өзіне жарияланған іздеудің шу шығару үшін жасалғанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қайрат Түнтеков. © gakku.kz Қайрат Түнтеков. © gakku.kz

Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков арызданушы тараптың оны іздемегенін және мұның қасақана шу шығару мақсатында шығарылғанын айтты. "Гәкку" телеарнасының хабарына қарағанда, шағымданушы тарап оны сырттай іздеуге беріп қойған. Осыған байланысты, әншінің өкілдері сотқа жүгінуге ниеттеніп отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков арызданушы тараптың оны іздемегенін және мұның қасақана шу шығару мақсатында шығарылғанын айтты. "Гәкку" телеарнасының хабарына қарағанда, шағымданушы тарап оны сырттай іздеуге беріп қойған. Осыған байланысты, әншінің өкілдері сотқа жүгінуге ниеттеніп отыр.

Алайда Қайрат Түнтековтің шетел асып кетуге құқығының жоқтығы белгілі болды. Сонымен қатар, осыдан үш жыл бұрын Алматыдағы жол-көлік оқиғасында көлігіне зақым келген келіншекке ол шамамен 25 мың доллар сомасында ақша берешек екен. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Қайрат Түнтеков қазіргі уақытта Шымкент қаласында. Ол қарызын өтеу үшін ақша жинап жатыр екен. Орындаушының директорының сөзіне қарағанда, ол қарызын жыл соңына дейін төлеп, кейін БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын өткізеді.

Еске салайық, Қайрат Түнтеков Нәзира Есенамановаға тиесілі Toyota Land Cruiser 100 көлігін зақымдаған болатын. Кейін сот жол-көлік оқиғасы кезінде Қайраттың жүргізуші куәлігі мен сенімхаты болмағанын анықтады, оған көлік жүргізу құқығынан екі жыл тоғыз айға айыру және 40 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Түнтеков қамаудан босатылғаннан кейін жәбірленушіге өтемақы төлеуге уәде берді, бірақ оны әлі күнге дейін орындамаған.

Көктемде тағы да сот болып, әншіден 4 млн 180 мың теңге өндіріп алуға қаулы шығарылды. Әншінің өзі ешқайда бой тасаламағанын, жәбірленушіге шығынды міндетті түрде өтейтінін мәлімдеді. Ол түскен қаржыны Есенамановаға беру үшін әдейілеп концерт те өткізді, ал оның әріптестері қаражат жинап берді. Бірақ Түнтеков жиналған ақшадан бас тартып, оны науқас сәбиге сыйлады. 2014 жылдың қаңтар айында Түнтековтің әкесі оның қарызын түгел өтеуге уәде берген еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer