27 тамыз 2015 | 18:47

Қазақстандағы автодилерлердің басым бөлігі көліктерді ескі бағаммен сатып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандағы автодилерлердің басым бөлігі көлікті ескі бағаммен сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автобизнесі ассоциациясы (ҚАБА) берген мәліметке сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, материалда Қазақстандағы валюта бағамының өзгеруіне байланысты баға саясатын қайта қарау жағдайы айтылады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы автодилерлердің басым бөлігі көлікті ескі бағаммен сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автобизнесі ассоциациясы (ҚАБА) берген мәліметке сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, материалда Қазақстандағы валюта бағамының өзгеруіне байланысты баға саясатын қайта қарау жағдайы айтылады. 

Осылайша, ҚАБА беріп отырған мәліметке сәйкес, "Бипек Авто - Азия Авто" автоөндіруші әрі дистрибьюторы Skoda, KIA, Lada, Chevrolet доллар бағамын 200 теңгеге бағалап сатып жатыр. AllurAuto көліктері (SsangYong, Peugeot, Iveco, Suzuki) 185 теңге бағам көрсеткішінде саудаға қойылған. Toyota дилер желісі 2014 жылңы автомобильдерін долларға 188 теңге есебінде, ал 2015 жылғыларды долларға 200 теңге есебінде өткізіп жатыр.

Astana Motors өз автоорталықтарындағы көліктерді бір долларға 190-200 теңге дәлізінде бағалап отыр, ал "Бавария автоорталығында" баға евро бағамына тәуелді. Nissan брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы бағаларды өзгерткен жоқ, ал Mitsubishi 2014 жылғы автомобильдерін 188, ал 2015 жылғыларын 200 теңге бағамында саудалап жатыр. 

GEELY маркасының ресми дистрибьюторы "Аспан Автода" бағалар өзгерген. Көліктер комплектациясы мен моделіне байланысты 40-100 мың теңге көлемінде қымбаттаған. "Вираж" автосалоны ГАЗ бен УАЗ маркаларын теңгемен сатып жатыр, оларда баға өзгермеді. Land Rover және RangeRover маркаларын ұсынатын Caspian Motors жол талғамайтын көліктерді қазіргі бағаммен саудаға қойған. Caspian Motors ұсынған Ford автомобильдерінің құны ауытқып отырады - ол нарықтағы бағамға байланысты және доллар үшін 200 теңгеден аспайды.   

"Алматы АТО" Renault автомобильдерін теңгемен сатады, сондықтан бағасы өзгермеген. "КамАЗ" дилері жүк көліктері ескі бағамен сатып жатыр. "Mercur Auto" 2014 жылғы Volkswagen маркаларын ескі бағаммен, ал 2015 жылғыларын сатып алынған сәттегі бағаммен сатады. 2014 жылғы Audi маркалы автомобильдердің бағасы евромен сатылады, 209 теңге бағамында.  2014 жылғы Porshe бағасы ауыспаған, ал 2015 жылғылар евроның қазіргі бағамына тәуелді. Blue Star автосалоны Mercedes маркалы көліктерді евроның биржадағы бағамына, ал Jeep көлігін доллардың биржадағы бағамына байланыстырып саудалап отыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Қазавтобизнес" ассоциациясының президенті, "Аллюр Авто" бас директоры Андрей Лаврентьев Қазақстанда құрастырылатын көліктердің жыл соңына қарай қандай бағада болатынын айтып берген еді. "Бізде баға өзгерген жоқ, олай болжамаймын. Сарапшы ретінде теңге бағамы өзгереді деп ойламаймын. Кейбір компаниялар жаңа модельдердің құнын қымбаттататын шығар, бірақ бұл теңге бағамының 30-35 пайыздық құны бойынша көтерілмейді. Егер республикаға кіргізілген жаңа модельдер қымбаттаса олардың шегі 5-6 пайыз көлемінде болады. Сарапшы ретінде бар айта алатынымыз осы", - деп мәлімдеді Андрей Лавреньтев 2015 жылдың соңына қарай болжам жасап.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer