02 қыркүйек 2015 | 16:23

Кіші Мейвезер кеткеннен кейін Головкин бокстың жаңа жұлдызы болуы мүмкін - Showtime сарапшысы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Геннадий Головкин. © hbo.com Геннадий Головкин. © hbo.com

Showtime телеарнасының белгілі сарапшысы Стив Фархуд кіші Мейвезердің бокс сахнасынан кетуі мүмкін екеніне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Vringe.com басылымына сілтеме жасап. Айта кетейік, кіші Мейвезер (48-0, 26 КО) 12 қыркүйектегі Андре Бертоға қарсы жекпе-жегінен кейін мансабына нүкте қоймақшы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Showtime телеарнасының белгілі сарапшысы Стив Фархуд кіші Мейвезердің бокс сахнасынан кетуі мүмкін екеніне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Vringe.com басылымына сілтеме жасап. Айта кетейік, кіші Мейвезер (48-0, 26 КО) 12 қыркүйектегі Андре Бертоға қарсы жекпе-жегінен кейін мансабына нүкте қоймақшы.

Сарапшының ойынша, кіші Мейвезер бокстан кеткеннен кейін орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) бокстың жаңа жұлдызына айналуы мүмкін.

"Мейвезер мен Пакьяо - қазіргі заманғы кәсіби бокстың атақты тұлғалары. Кличко да биік тұрды, дегенмен америкалық фандар лайықты болса да оны қабылдамады және олардың назары жеңілдеу дивизионға ауды. Мен айтар едім, Мейвезер Де Ла Хойені жеңгеннен кейін боксты ізіне салды", - деп мәлімдеді Фархуд CBS-ке берген сұхбатында.

"Мейвезер кеткеннен кейін біздің спортта үлкен ойық пайда болады. Бірақ әрдайым бір жұлдыз кетсе оның орнына басқа біреу келеді. Біз Леонард, Тайсон, Хаглер мен Хернс кеткенде қиналдық, бірақ олардың орнын өзгелер басты", - деді ол.

"Егер Альварес Коттоны жеңсе, ол бокстың жаңа жұлдызы болуы мүмкін. Тағы бір үміткер - Геннадий Головкин. Деонтэй Уайлдер де біз ойлағаннан жақсы болуы мүмкін. Сонымен қатар, Кит Турман", - деген ойымен бөлісті сарапшы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer