04 қыркүйек 2015 | 09:53

АҚШ-та қазақстандықты атып өлтірген полицейге ресми түрде айып тағылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Стивен Рэнкин. © Рilotonline.com Стивен Рэнкин. © Рilotonline.com

Екі адамды атып өлтірген америкалық полицей Стивен Рэнкинге айып тағылды. Таяуда ол сот алдына келеді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қоғам қайраткері Майкл Мохаммад хабарлады, ол қаза тапқан афроамерикалық Уильям Чэпменнің мүддесін қорғайды. Рэнкиннің 2011 жылы қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтіргені белгілі, бірақ ол жазадан құтылып кеткен болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Екі адамды атып өлтірген америкалық полицей Стивен Рэнкинге айып тағылды. Таяуда ол сот алдына келеді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қоғам қайраткері Майкл Мохаммад хабарлады, ол қаза тапқан афроамерикалық Уильям Чэпменнің мүддесін қорғайды. Рэнкиннің 2011 жылы қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтіргені белгілі, бірақ ол жазадан құтылып кеткен болатын.

Оқ ату бойынша айып бейсенбі күні, 3 қыркүйекте тағылды. Pilotonline.com порталының мәліметінше, сот отырысының нақты қай күні болатыны белгісіз. Қаза болған Чэпменнің анасы баспасөз мәслихатында жоқ болса да Рэнкинге былай деді: Сен өмірді қидың, енді сенің өмірің қиылады".

Қаза болған Салли Чэпменнің анасы. © pilotonline.com 

Оның айтуынша, ол Рэнкинге айып тағылады деп күтпеген. Бұған дейін полицейдің адвокаты Рэнкинге айыптың тағылмауы мүмкін екенін айтқан. Сонымен қатар, ол оның сотқа тыңғылықты дайындалып, қорғауындағы адамның құқығын барынша қорғайтынын айтты. Айта кетейік, Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен Кирилл Денякиннің анасы АҚШ-қа ұшып барып, сот отырысына қатысуға ниетті екенін хабарлады.

Елена Денякина. © nv.kz 

Айта кетейік, афроамерикалық Уильям Чэпмен биыл 22 сәуірде қаза тапты. Тергеудің мәліметінше, полицей оған екі рет оқ атқан: бірінші рет - бетіне, екіншісі - кеудесіне. Ол оқиға орнында көз жұмды. Медициналық сараптама Чэпменнің қанында ішімдік немесе есірткі заттары белгісінің жоқ екенін көрсетті.

Оқиға орны. © pilotonline.com 

Айта кетейік, 2011 жылы көктемде қазақстандық Кирилл Денякин Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барып, Америка полицейінің қолынан Грин стритте қаза тапты. Ол Денякинге 11 рет оқ атқан. Оқиғадан кейін Рэнкин жұмысынан уақытша босатылып, сот оны ақтап шыққаннан кейін ол өз қызметіне оралды.

Кирилл Денякин. © Tengrinews.kz мұрағатынан 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 521.81  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer