04 қыркүйек 2015 | 14:19

"Алматы аруы-2015" атағынан үмітті 10 қатысушы байқаудан шығып қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Қаладағы мейрамханалардың бірінде 11 қыркүйек күні өтетін "Алматы аруы-2015" байқауының финалына 12 қыз қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қаладағы мейрамханалардың бірінде 11 қыркүйек күні өтетін "Алматы аруы-2015" байқауының финалына 12 қыз қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар бірнеше кастинг өткізіп, оған 300 үміткер қатысты. Олардың арасынан 22 ару таңдалып, олар бірнеше ай бойы байқауға дайындалды. Алайда бірнеше себеппен 10 қатысушы байқаудан шығып қалды.

"Алматы аруы" байқауының директоры Совет Сейітовтің айтуынша, олардың кейбірі тәртіп үшін шығып қалса, енді біреулері жүктемеге төзбей немесе таланттар байқауында, аспаздық жарысында және спорт шараларында өздерін әлсіз көрсетті. Ақырында финалға 12 ару өтті.

Финал кезеңінде қыздар кешкі және дизайнерлік көйлектер киіп шығады, сонымен қатар, өз таланттарын паш етеді. Ең әдемі аруды әділ қазылар алқасы таңдайды. Олардың құрамында: Muzzone телеарнасының директоры Әділжан Садықов, "Қазақстан аруы" байқауының директоры Алена Қырбасова-Ривлина, мейрамхана иелері Мұхтар Жүнісов пен Александр Орлов, "Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева, дизайнер Аида Қауменова, визажист Айнұр Рыспекова, фотограф Данил Олейник, шоумен әрі актер Нұртас Адамбаев, продюсер Баян Есентаева, балерина Сәуле Рахметова және скрипкашы Жәмила Серкебаева бар.

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап "Алматы аруы" байқауының жеңімпазы "Дүниежүзі аруы" байқауына қатысатын болады. Ол "Қазақстан аруы" титулының иегеріне "Әлем аруы" байқауына жолдама берілгеннен кейін жүзеге асады.

Алматының номері бірінші аруы өзге қаланың қатысушылары сияқты, яғни олармен тең дәрежеде "Қазақстан аруы" титулы үшін күресетін болады. Егер алматылық республикалық байқауда жеңіске жетсе, ол бірден екі байқауға аттанады - "Дүниежүзі аруы" және "Әлем аруы".


© Николай Колесников

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 521.81  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer