07 қыркүйек 2015 | 17:24

Түнгі серуен кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мобильді қосымша жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Vk.com © Vk.com

Түнде жалғыз серуендеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мобильді қосымша жасалды, - деп хабарлайды Mashable.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түнде жалғыз серуендеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мобильді қосымша жасалды, - деп хабарлайды Mashable.

Жоба авторларының айтуынша, қосымшаның жұмыс істеу қағидасы өте қарапайым. Ол түнде жалғыз серуендеп жүрген адамның қай жерде екенін үнемі анықтап, жағдайының дұрыстығына көз жеткізіп отырады. Адамдар смартфонды қауіпсіздік мақсатында бұрыннан қолданып келеді. Мысалы, үйіне қайтып келе жатқан қыз өз құрбыларына хабарласып, жол бойы өзімен сөйлеуін өтінеді. Бұл құрбысының шұғыл шаралар қабылдауына мүмкіндік береді.

Серуенге шықпас бұрын Companion қосымшасына шыққан жеріңді және баратын жеріңді, туысыңның немесе достарыңның телефон номерін енгізу қажет. Жол бойында бағдарлама жағдайыңның дұрыстығына бірнеше рет көз жеткізеді. Қосымшаға жауап беру үшін арнайы батырманы басу керек. Егер 15 секунд ішінде батырманы баспасаңыз, қосымша енгізілген номерлерге автоматты түрде қоңырау шалады. Сонымен қатар, қосымша адамның қандай жылдамдықпен жүргенін, жүгіргенін анықтайды.

Қосымшада қауіпсіз жерлерді немесе күмәнді аумақтарды белгілеуге болады. Бұл студенттер үшін маңызды болуы мүмкін, себебі бағдарлама осы ақпараттарды білім мекемесінің әкімшілігіне де жолдайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer