08 қыркүйек 2015 | 12:01

"Үкімет азаматтар үшін" корпорациясын құруда қысқартулар болуы мүмкін - депутат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Үкімет азаматтар үшін" корпорациясын құру үшін төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бірігуінде қысқартулар болады. Мұндай пікірді Парламенттің үзілісі кезінде Мәжіліс депутаты Майра Айсина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Үкімет азаматтар үшін" корпорациясын құру үшін төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бірігуінде қысқартулар болады. Мұндай пікірді Парламенттің үзілісі кезінде Мәжіліс депутаты Майра Айсина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Меніңше, қысқартулар болады, сөзсіз, себебі 4 РМК-нің бірігуінен бір корпорация құрылады. Сондықтан барлық көмекші қызметтер қысқарады. Әкімшілік, бюджет, қаржы органдары бар, мұндай 4 құрылымның қажеті болмайды. Сондықтан оптимизация болады", - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қанша қызметкердің қысқаратынын айту қиын. "Біз қазір осы төрт РМК жұмысын қарауымыз керек, аудит өткіземіз. Сонда ғана ойланамыз. Корпорацияда қандай штаттың болатынын көру керек", - деп түсіндірді ол.

Айсинаның айтуынша, мемлекеттік корпорация 2016 жылдың бірінші ширегінде іске қосылады. 

Парламент Мәжілісіндегі "Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулан енгізу турады" заң жобасының таныстырылымы кезінде инвестиция және даму жөніндегі вице-министр Сәкен Сәрсенов мемқызметтердің бірыңғай провайдерін жасаудың халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірігуі жолымен жүзеге асырылатынын айтты: "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық".

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer