08 қыркүйек 2015 | 12:40

Астанада полицейлер мен жүргізушілер арасындағы жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанадағы полицейлер мен жүргізушілер арасында болған жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы полицейлер мен жүргізушілер арасында болған жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 тамызда Астанадағы "Шанхай" базарында қалааралық авобустардың жүргізушілері мен полицейлердің арасында жанжал шыққан болатын. Полицейлер мұнда жергілікті тұрғындардың шағымдарынан кейін келді.

"Азаматтарға қасақана дөрекілік көрсеткендері үшін биыл 30 тамызда Алаш көшесіндегі "Шанхай" қалалық базарының автотұрағында қалааралық автобустардың мемлекеттік номерлерін алу кезінде азаматтардың тарапынан ІІД ЖПП қызметкерлерінің талаптарына бағынбаушылық болды. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Осы дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, Астанада адам көп жиналатын орындарда, вокзал маңындағы алаңдарда, "Шанхай" және "Шарын" базарларында бақылау жүргізіліп жатыр. Полицейлер азаматтарға қасақана дөрекілік танытып, көлікпен тасу кезінде күш қолданатындарды анықтайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері 130 мың адам әкімшілік жауапқа тартылған, 642 құқық бұзушы қамауға алынды және 773 миллион теңге көлемінде айыпұл салынды.

"Жүргізілген шаралардың нәтижесінде екі мыңнан астам адам ҚР Кодексінің 449-бабы "Әкімшілің құқық бұзушылық" бойынша жауапқа тартылып, оларға 5-10 АЕК көлемінде айыппұл салу  немесе бес күнге дейін қамауға алу жазасы қолданылды", - деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer