09 қыркүйек 2015 | 14:08

20 миллиард теңгеге жуық салық төлемегені үшін "ҚазМұнайГаз" компаниясына айыппұл салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"ҚазМұнайГаз" БӨ" салық органдарының тексерісінен кейін шығарылған шешіммен келіспейді, компания жақын арада шағым түсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" БӨ" салық органдарының тексерісінен кейін шығарылған шешіммен келіспейді, компания жақын арада шағым түсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания салық органдары 2014 жылдың қыркүйек айында бастаған 2009-2012 жылдар бойынша құжаттық салық тексерісінің аяқталғанын хабарлады. Тексеріс нәтижесі бойынша салық органы 18,6 миллиард теңге көлемінде қосымша есептеу жасап, уақытылы төленбегені үшін 9,7 миллиард теңге көлемінде өсімпұл мен 10,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл талап еткен. Компания тексеріс актісінің қорытындысымен келіспейтінін және өкілетті органға жақын арада шағымданатынын хабарлады.

2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша қаржылық есепте ҚМГ БӨ 2009-2012 жылдардағы кешенді салық тексерісі бойынша салық төлеуге 16,7 миллиард теңге көлемінде резерв қалдырған. Резерв салық органдарымен талқылау нәтижесі бойынша "ҚазМұнайГаз" бұл тексеріске қатысты сотқа шағымданған жағдайда, шағымының қанағаттандырылатынына толық сенімді емес болғандықтан қалдырылған. 

16,7 миллиард теңге көлеміндегі провизия айыппұлдар мен өсімпұлдарға қосымша кіріс салығы мен үстеме пайда салығына қатысты болып отыр. Қазіргі уақытта ҚМГ БӨ салық талаптары бойынша шағымдануға дайындалып жатыр және олардың көлемін шағымдану процесінің барысында және тоқсандық және жылдық есеп дайындау барысында бағалайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer