Кристофер Нолан келесі фильмін 2017 жылы шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристофер Нолан келесі фильмін 2017 жылы шығарады Кристофер Нолан. © REUTERS

Кристофер Ноланның әзірше атауы жоқ жаңа жобасы 2017 жылдың 21 шілдесінде кинотеатрларға шығады, - деп хабарлайды Variety басылымы Warner Bros студиясының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристофер Ноланның әзірше атауы жоқ жаңа жобасы 2017 жылдың 21 шілдесінде кинотеатрларға шығады, - деп хабарлайды Variety басылымы Warner Bros студиясының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл жоба режиссердің 2014 жылы шыққан "Интерстеллар" фильмінен кейінгі толықметражды бірінші туындысы болады. Әзірше картинаның жанры мен актерлік құрамы жайлы мәлімет жоқ.

Еске салайық, осыған дейін Нолан Warner Bros. студиясында Бэтмен туралы трилогиясын түсірген еді: "Бэтмен: Бастау", "Зұлмат рыцарь" және "Зұлмат рыцарь: Аңыздың қайту тууы", бұл туындылардың жалпы табысы - әлем бойынша 2,4 миллиард доллар. Сонымен қатар, оның "Бастау" және "Престиж" фильмдері де студияның меншігіне кіреді. Айта кетейік, режиссердің "Есіңде сақта" фильмі "Үздік сценарий" аталымында, ал "Бастау" фильмі "Үздік сценарий" және "Үздік фильм" аталымдарында "Оскар" сыйлығына ұсынылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course down  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети