Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бірінші алтын медальді қоржынға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бірінші алтын медальді қоржынға түсірді Айдар Қазов. © wfrk.kz

Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті. 77 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан қазақстандық Айдар Казов Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Massaget.kz сайты хабарлады.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 350 келіні еңсерді. Жұлқа көтеруде 156 келіні, серпе көтеруде 194 келіні бағындырды. Қоссайыста дәл осындай нәтижені (160+190) КХДР спортшысы да көрсетті. Алайда Айдар Қазовтың салмағы Джон Менг Сонгтан жеңіл болып шықты. Нәтижесінде отандасымыз Азия чемпионы атанды. Қола медаль тай спортшысы Чиннавон Чатупхумға бұйырды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 349 келіні басынан асырды. Ал бұл салмақтағы екінші қазақстандық зілтемірші Батыр Асраров 330 келімен (қоссайыс) сегізінші орынды қанағат тұтты.

Осыған дейін Таиландтағы Азия чемпионатында Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева қола жүлдегер атанған болатын. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети