10 қыркүйек 2015 | 16:01

Мәжілісмендер жұмысқа таңғы 7:40-тан ерте келуге дайын

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елорданың депутаттары жұмысқа бір сағат ерте тұрып бара ала ма? Tengrinews.kz тілшілері парламентарийлердің арасында сауалнама жүргізіп, оларға "Жолдағы кептелістер мәселесін шешу үшін ұйқыңыздан бас тарта аласыз ба?" деген сұрақ қойды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елорданың депутаттары жұмысқа бір сағат ерте тұрып бара ала ма? Tengrinews.kz тілшілері парламентарийлердің арасында сауалнама жүргізіп, оларға "Жолдағы кептелістер мәселесін шешу үшін ұйқыңыздан бас тарта аласыз ба?" деген сұрақ қойды. 

Айта кетейік, бүгін Астананың билігі қалада жұмыс күні мен мектеп сабақтарының басталу уақытын өзгертуді ұсынған болатын. Нақтырақ айтсақ, мектептерде сабақты таңғы 7.40-та бастау ұсынылды.

Барлығы бір ауыздан уақытынан бір сағатқа ерте тұра алатынын, алайда мұның проблеманы шеше алмайтынын атап өтті. "Жұмыс күнінің ерте басталуына қарсы емеспін. Тіпті тәулік бойында ұйықтамай жүретін кездерім болады. Қазір тығыз кезең, заң жобаларын қарап жатырмыз, кешкі асты ішкеннен кейін қайта жұмысқа келіп, таңға дейін жұмыста отырамын, бұл проблема емес. Әрбірден соң мен есейген адаммын ғой. Қуаттымын, күшім бар, денсаулығы бар адаммын, ал балалар ше? Оларға аяушылықпен қарауымыз керек", - деп білдірді пікірін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев. 

Алайда депутат әкімдіктің бұл қадамға барған күнінде де проблеманың шешілмейтінін айтады. "Кептеліс ерте басталады, болды. (...) Кептеліс мәселесін әлем елдері де шешкісі келеді, жолды кеңейткісі келеді, қозғалыс реттеуіштерін қойғысы келеді. Ал шын мәнінде шешім біреу ғана - қоғамдық көлікті дамыту, себебі ол қолжетімді болуы тиіс, жиі жүруі тиіс, ыңғайлы бағыттарда жүруі керек, адамдарға жеке автомобильдерінде емес, қоғамдық көлікте жүру тиімді болуы қажет", - деп мәлімдеді Азат Перуашев. 

"Барлығында жұмыс кестесі әртүрлі. (...) Бұл ұсыныс 08.15-09.00 аралығындағы көлік кептелісін қаншалықты жеңілдетеді? Министрліктер үйінің маңында не болып жатқанын көріп жүрсіздер ғой. Жол кең сияқты. Меніңше, әкімдік дұрыс істеп жатыр, алайда олардың азаматтардың пікіріне қаншалықты құлақ асқаны түсініксіз", - деді төменгі палатаның депутаты Айқын Қоңыров сауалнама кезінде. Мәжілісменнің айтуынша, ол бір сағат ерте де, бір сағат кеш те ұйқыдан ояна алады. Кейін оның жаяу жүргендіктен кептеліске түспейтіні белгілі болды.

Мәжілісмен Тәңірберген Бердіоңғаров - бозторғай. Ол таңғы алтыда оянады екен. Сондықтан жұмысқа бұдан да ерте келуге дайын.

Жұмыс кестесінің өзгеруі туралы мәселені талқылай отырып, былай деді: "Барлығы заңды болуы керек. Мәслихаттың жұмыстың басталу уақытын өзгертуі туралы мәселесіндегі позициясын түсініңкіремей отырмын. Жұмыс уақытының аяқталуына келсек, мемлекеттік қызметкерлердің көбі басшыларының кеткеніне дейін отырады. Сол басшының кешкі 9, 10, 11-ге дейін қалып қоятыны бар, ал мемлекеттік қызметкердің отбасы бар. Баланы балабақшадан әкетіп, онымен бірге уақытын өткізуі қажет. Барлығының өлшемі болуы керек", - деп есептейді депутат. Сонымен қатар, ол әріптестерінің кептеліс мәселесін жұмыс кестесін өзгертпей-ақ шешуге болады деген пікірін қолдады.

"Барлығы жұмысына уақытында жетуі үшін қоғамдық көлікті дамыту қажет. Бұл мақсат ішінара жүзеге асырылып жатыр, бірақ қосымша жолдар салынуы керек. Қаланың бірнеше жерінде салынуы тиіс орындар бар. Қозғалыстың бағытын өзгерту керек, бір жерлерде айналма жолдар салу керек", - деп қорытындылады депутат.

ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаты Айгүл Соловьева былай деді: "Біз, депутаттар жұмысқа уақытынан бұрын келеміз. Қажет болса таңғы бесте де келеміз".

Жұмыс кестесін өзгерту туралы ұсынысқа пікірін білдірген ол мұның жақсы тұстарын да байқады.

"Мүмкін мұндай шешім оң әсерін берер, мәселен, мектептің екінші ауысымынан шығатын оқушылар түн болып кетпей тұрып, үйге ерте қайта алатын еді. Мүмкін уақытты осы мақсат үшін жылжытып жатқан болар? Себебі таңертең жүру қорқынышты емес. Ал кешке балалар жалғыз жүрмеуі үшін осындай шешім нағыз пайда әкелер еді. Қазір қандай қылмыстардың болып жүргенін білесіздер ғой, оның үстіне әлеуметтік жағдай, қымбатшылық, мұның бәрі әсер етеді, жұмысы жоқтар, жұмыс істегісі келмейтіндердің барлығы қылмысқа оқталады. Балалар солардың құрбаны болмауы үшін қабылданып жатқан шешім шығар?", - деп білдірді пікірін Соловьева. Оның айтуынша, бұл мәселені балалардың ата-аналарымен, қоғаммен кеңесу керек және білім беру ұйымдарымен келісу керек.

"Сабақтың басталатын уақытын 7.40-қа ауыстырсақ, осы 20 минут ештеңені де шешпейді. Себебі көптеген мектеп онсыз да таңғы сегізден бастайды", - деп қорытындылады Айгүл Соловьева.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer