10 қыркүйек 2015 | 21:48

Қостанайдың бұрынғы әкімі үй қамауына алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ахмедбек Ахметжанов сот залында. ©Tengrinews.kz Ахмедбек Ахметжанов сот залында. ©Tengrinews.kz

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов екі айға үй қамауына алынды. Қамауға алу туралы санкцияны Қостанайдың №2 сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов екі айға үй қамауына алынды. Қамауға алу туралы санкцияны Қостанайдың №2 сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі және 4-бөлігі бойынша ("Қызметтік өкілін теріс пайдалану") және 365-баптың 3-бөлігінің 1-тарауы бойынша ("Заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтіру") айып тағылып отыр.


Ахмедбек Ахметжанов сот залында. © Tengrinews.kz

Тергеу материалдарына сәйкес, Ахметжанов автомобильдерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына жәрдемдескен және балабақша құрылысында "Стройметсервис" ЖШС-ның мүддесін заңсыз қорғаған.

Осыған дейін оның тағылған айыптармен келісіп, өз кінәсін мойындағаны және тергеуге қатысатыны жайлы хабарланған болатын. Осыны есепке алған прокурор Ахметжановты үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.  

Экс-әкімнің адвокаттары Ахметжановтың асырауында кәмелетке толмаған екі баласының барын, олардың бірінің 2 жасқа толғанын есепке алуды сұрады. Еске салайық, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 8 қыркүйекте ұсталған болатын. Сол уақытта оған қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген күдік келді.

Ал ұсталуының алдында Ахметжанов Қостанай әкімі қызметінен босатылған еді. Сол уақытта Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оның қызметтен өз еркімен кеткенін хабарлап еді. Қала әкімінің міндетін атқарушы болып, оның бұрынғы орынбасары Қайрат Сәндібеков тағайындалды.

Ал мұның алдында Ахмедбек Ахметжановтың екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ұсталған болатын. Қалиев 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталды. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. Үшеуі де қамауға алынған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer