"Астана" капитаны, Италия велоспортшысы Фабио Ару "Вуэльта" көпкүндігінде топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" капитаны, Италия велоспортшысы Фабио Ару "Вуэльта" көпкүндігінде топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Гранд-турдың соңғы шешуші кезеңі 13 қыркүйекте өтті. Пелотон 100 шақырым жүріп өтіп, Мадридке дейін барды.
Айта кетейік, бұл Арудың Гранд-турлардың жалпы есебіндегі бірінші жеңісі. Бұл жарыста итальян спортшысы бес кезеңде де көшбасшының қызыл жейдесімен жүрді, алайда 16-шы турда одан айырылып қалды. "Астана" капитаны "достық кезеңінде" қайта басым болып, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды "Вуэльта-2015" бас классификациясында ресейлік "Катюша" командасының испан спортшысы Хоаким Родригес алды. Үштікті Tinkoff-Saxo командасының поляк велоспортшысы Рафал Майка қорытындылады.