14 қыркүйек 2015 | 12:36

Қазақстанда қазір үй сатып алу тиімді ме

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Дмитрий Хегай © Дмитрий Хегай

Еліміздегі валюта нарығының бүгінгі ахуалына байланысты халықтың арасында алып қашпа әңгіме де көбейген. Теңге бағамына өз бетінше түрлі болжам жасайтын азаматтар жылжымайтын мүлік нарығына да сескене қарайтын болды. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі экономист мамандардың баспана сатып алу және оған қол жеткізудің жолдарына қатысты кеңестерін тыңдап, болжамдарын саралады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі валюта нарығының бүгінгі ахуалына байланысты халықтың арасында алып қашпа әңгіме де көбейген. Теңге бағамына өз бетінше түрлі болжам жасайтын азаматтар жылжымайтын мүлік нарығына да сескене қарайтын болды. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі экономист мамандардың баспана сатып алу және оған қол жеткізудің жолдарына қатысты кеңестерін тыңдап, болжамдарын саралады.

Экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шәменовтің айтуынша, баспана теңгемен саудаланса, оны сатып алуға болады. Алайда қолда бар ақшаны үй алуға емес, шағын бизнес немесе өндіріске жұмсағандар бұл кезеңде ұтады, дейді маман.

"Әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты, мұнай бағасы көтеріледі деген болжам жоқ. Сондықтан, республикалық бюджет төңірегіндегі қиындықтар жалғасуы мүмкін, мұнайдың бағасы алдағы уақытта да төмендейтін болса, тиісінше, бағам да әлі өседі деген сөз. Егер қолда ақша болса, бүгінгі жағдайда үй алудан гөрі, оны бизнеске салған тиімдірек болады. Әсіресе тағам өнімдеріне, халық күнделікті пайдаланатын тауарларға", - дейді маман.

Экономистің сөзіне қарағанда, дағдарыс жағдайында да қолдағы ақшаны жұмыс істету керек, жылжымайтын мүлік саудасынан да қорқуға болмайды, себебі ол өз құнын ешқашан жоғалтпайды.

Ал екінші сарапшы, халықаралық адам капиталы институтының президенті, экономист Жанұзақ Әкімнің ойынша, теңге бағамының бүгінгі ауытқымалы жағдайы жыл соңына қарай белгілі болады және үйдің бағасы біршама төмендейді. 

"Қазір қарапайым халықтың басым бөлігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы баспана мәселесін шешуге тырысып жүр. Жалпы бұл шешімді құптауға болады, себебі өзге банктердегі 20-25 пайыздық мөлшерлемемен кез келген адам үй ала алмайды. Бірақ қараша мен желтоқсанда үйдің бағасы ең төменгі шекке жетеді. Қазірдің өзінде баға төмендесе де, баспана сатып алып жатқандар жоқтың қасы. Үй наурызға дейін арзандай береді. Сол уақытты күтіп, алу керек (үйді - Авт.)", - дейді экономист.

Маманның кеңесіне қарағанда, баспананы сатып алғаннан гөрі, қазіргі таңда жер теліміне қол жеткізіп, үй салған әлдеқайда тиімдірек.

Айта кетейік, бұған дейін жетекші сарапшылар теңге құлдырауының жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер ететінін айтып берген болатын. Сауалға жауап берген сарапшылардың басым бөлігі бұл жағдайдың қатерлі екенін айтты, себебі ұлттық валютаның бұлай құлдырайтынын ешкім күткен жоқ. 

Сонымен қатар, елімізде үй бағасының түскені де хабарланды. Шілде айында абаттандырылған тұрғын үйлердің бағасы 1,2 пайызға дейін төмендеді. Сәйкесінше, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,3 пайызға азайды, сонымен қатар, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға алу төлемі 0,8 пайызға төмен болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer