Головкин әлемдегі ең үздік боксшылардың тізімінде екінші орынға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин әлемдегі ең үздік боксшылардың тізімінде екінші орынға көтерілді

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Pound-for-Pound рейтингінде екінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, рейтинг салмақ дәрежесіне тәуелсіз әлемдегі ең үздік боксшыларды анықтайды.

Порталдың мәліметінше, Головкиннің екінші орынға көтерілуіне америкалық Флойд Мейвезердің мансабын аяқтауы себеп болған. Еске сала кетейік, кіші Мейвезер соңғы жекпе-жегін 12 қыркүйекте Лас-Вегаста Андре Бертоға қарсы өткізген болатын. Бұл кездесуде де жеңіске жеткен америкалық боксшы мансабында бірде-бір рет жеңілмеді.

Boxrec.com рейтингінде Владимир Кличко көш бастап тұр. Екінші орында Геннадий Головкин болса, үштікте мексикалық спортшы Сауль "Канело" Альварес бар.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болады. Ол Давид Лемьемен жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети