15 қыркүйек 2015 | 17:13

Жаңа бюджеттен EXPO-2017 көрмесін өткізуге бөлінетін миллиардтар депутаттың жағасын ұстатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жаңа бюджеттен EXPO-2017 көрмесін өткізуге бөлінетін миллиардтар депутаттың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының таныстырылымы өтті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа бюджеттен EXPO-2017 көрмесін өткізуге бөлінетін миллиардтар депутаттың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының таныстырылымы өтті.

Заң жобасын талқылау барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үш жылға арналған бюджетте EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге 306 миллиард теңгенің қарастырылғанын хабарлады.

Бұған Парламенттің төменгі палата депутаттары өз наразылықтарын білдіріп, қаржы мекемесінің ұсынған есептеуінің дұрыстығына күмән келтірді.

"EXPO көрмесі 2017 жылы аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғимараттар мен имараттардың құрылысын 2016 жылдың аяғына дейін аяқтау керек болады. Онда сіздер неге тағы 35 миллиард теңгені ЭКСПО көрмесіне деп отырсыздар? Бұл сонда ұрланған ақшаның орнын толтыру деген сөз бе? Егер көрме өтіп кетсе, оған тағы 35 миллиард теңге бөлудің не қажеті бар?", - деді қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа депутат Қалмұратов.

"Халықаралық көрме өте ауқымды жоба. Ол бір жылдық жоба емес. Сіз өзіңіз айттыңыз - келесі жылдың бюджетінде 173 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржы негізгі құрылысты аяқтауға жұмсалады. Ал 2017-2018 жылдар ұйымдастыру жұмыстарына (көрмені). Нысандардың құрылысын аяқтау - істің жартысы ғана, құрылысты аяқтаудың одан кейін де жұмыстары бар. Қажет болса, ұлттық экономика өкілдері бар, біз барлығын тарқатып, жұмыс тобында кеңінен жауап бере аламыз", - деді министр Сұлтанов.

Еске сала кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастырумен және дайындық жұмыстарымен айналысқан компанияның бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір Талғат Ермегияев үй қамауында отыр. Оған төрт миллиард теңгені сыйақы ретінде заңсыз алды деген айып тағылды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer