18 қыркүйек 2015 | 18:44

Астанада кассир қызды тепкен Турагелдиев кепіл арқылы босап шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталығының кинотеатрында болған оқиғаға қатысушы Қуаныш Турагелдиевке қатысты "кепіл" бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл туралы Астана прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында айтылған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталығының кинотеатрында болған оқиғаға қатысушы Қуаныш Турагелдиевке қатысты "кепіл" бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл туралы Астана прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында айтылған.

Прокуратурадағылардың мәлімдеуінше, Турагелдиевке қатысты сотқа дейінгі өндіріс қатаң бақылауға алынған.

"Күдікті Турагелдиевке тағылған айып, яғни "Бұзақылық" бабы аса ауыр қылмыс түріне жатпайтынын ескеретін болсақ, ҚПК 147-бабына сәйкес, "тұтқындау" түріндегі бұлтартпау шарасы қарастырылмаған, 17 қыркүйекте қылмыстық қудалау органдарымен оған қатысты "кепіл" бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген прокуратураның жауабында.

Қазір сотқа дейінгі өндіріс бойынша жан-жақты, толық және әділ тергеу жүргізу үшін, істі дұрыс шешу мақсатында қажетті және тиісті заңды шаралар қолданылып жатыр. Қылмыстық қудалау органдарының тергеу нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда белгісіз біреудің шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдеген. Бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын.

Кейін күдіктінің Турагелдиев екені анықталды. Ол айтарлықтай себебі болмаса да жәбірленуші азаматшаға қатысты бұзақылық жасап, дене жарақатын салған.

17 қыркүйекте Турагелдиевтің әкесі Болат Турагелдиевтің Қазақстан премьер-министрінің кеңсесіндегі қызметінен кету туралы арыз бергені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer