22 қыркүйек 2015 | 15:14

Жұмыс кестесінің уақытын өзгерту Алматының кептеліс мәселесін шешпейді - әкімдік

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматы әкімдігі икемді жұмыс кестесіне өту қаладағы көлік кептелісіне қатысты мәселені шешпейді деп есептейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген ведомствоның баспасөз қызметінің жауабында айтылған. Мұндай бастама көлік кептелісімен күресу мақсатында қазіргі таңда Астана әкімдігінде қаралып жатыр. Қазақстан астанасындағы бірқатар кәсіпорын жұмыс кестесін икемді етуді жоспарлап отыр - сағат 7-ден 10-ға дейін және мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстыру.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі икемді жұмыс кестесіне өту қаладағы көлік кептелісіне қатысты мәселені шешпейді деп есептейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген ведомствоның баспасөз қызметінің жауабында айтылған. Мұндай бастама көлік кептелісімен күресу мақсатында қазіргі таңда Астана әкімдігінде қаралып жатыр. Қазақстан астанасындағы бірқатар кәсіпорын жұмыс кестесін икемді етуді жоспарлап отыр - сағат 7-ден 10-ға дейін және мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстыру.

Өз кезегінде Алматы әкімдігіндегілер бұл бастаманың құптарлық тұстарының бар екенін де айтты. "Бірқатар елде мұндай тәжірибенің бар екенін көріп отырмыз. Бір жағынан қаламызды дамытудың негізгі бағыттарының бірі де көлік кептелісімен күресу болып табылады, бірақ бұл мәселе терең талдауды талап етеді. Астанадағы жағдай бөлек. Көлік санына қатысты ахуал бізде осыдан жеті жыл бұрын болған. Алматы - тартылыс орталығы, сонымен қатар, мұнда кіретін транзиттік көліктердің саны күніне 200-ден 300 мыңға дейін жетеді. Сондықтан біз икемді жұмыс кестесіне өтсек те, ол мәселені шеше алмайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, әкімдіктегілер Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, мектептегі сабақтардың сағат сегізден ерте басталмайтынын айтты. 

Еске сала кетейік, биыл қыркүйектің басында елорда әкімдігі мектептегі сабақтардың басталу уақытын өзгертуді ұсынды. Оған "Астана LRT" ЖШС жүргізген талдаудың нәтижелері негіз болды. Ол елордалық маршруттар мен көліктердің көше-жол желісіне үлкен салмақтың түскенін анықтады. Бұл маршруттар 17 мектеп орналасқан аудандарды басып өтеді. Алайда ол өзгерістің бірінші сыныпқа қатысы болмайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.3  course up  547.74  course up  4.79  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer