22 қыркүйек 2015 | 14:28

Энергетика министрі бензин бағасына болжам жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстандағы бензин бағасының рубль бағамына тәуелді болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстандағы бензин бағасының рубль бағамына тәуелді болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап берген ол бұл іске болжам жасаудың қайырымсыздық екенін тағы бір мәрте қайталап, алайда жанармай нарығында не болып жатқанын түсіндіріп берді.

"(...) Бүгін біз АИ 92/93 туралы айтатын боламыз, біз жылына 2 миллион тонна өндіреміз, қажеттілік - жылына 3 миллион тонна. Жылына бір миллион тоннаны сырттан әкелеміз. Біз оны Ресей Федерациясынан әкелгендіктен, ол жақта қымбат, ал бізде бағаға шектеу қойылған, сол үшін оны ешкімнің әкелмейтіні белгілі, ал біз мұқтажбыз. Тапшылық болмау үшін бізде баға еркіндікке жіберілді. Қазір нарықта не болып жатыр? Ресейде АИ-92 бензинінің әр литрі 143 теңге, ал бізде 125 теңге. Бұл біздің ол жақтан көтерме бағамен сатып алатынымызды ескергенде (...), сондықтан қазір тасу тиімді. Тамызда 74 мың тонна әкелдік, бүгінгі таңда 41 мың тонна. Біздегі қордың көлемі 214 мың тонна. (...) Бізде АИ-92 қоры жеткілікті", - деді Школьник.

"Әрі қарай не болады? Өткен жылы 125 - баға, бағам 150 болды. 128-ді 50-ге бөлсек, бензиннің бағасы әр литріне 50 цент болып шығады. Қазір 125-ті 270-ке бөлсек, литрі 40 цент. Бірақ біз теңгемен есептейміз. Ол бір-екі айда Ресейдегі рубль мен алдағы үш айда теңгенің ауытқымалы бағамының қандай болатынына байланысты. Сол болжамды маған айтыңыздаршы, мен сіздерге бензинге қатысты не болатынын айтайын. Өткен баспасөз мәслихатында мен 140-150 теңге дегенді атадым, мен бағамдар арақатынасының ең қолайсыз жағдайында сол бағаға өтуіміз мүмкін дегенді меңзедім. Әрдайым артығымен айтамыз ғой. Құдайға шүкір, болжам дәл болмай шықты, өткен жылға қарағанда доллармен бензиннің бағасы екі есе арзанға түсті", - деді министр.

Кейін ол "(...) көршілес елдермен салыстырғанда доллармен ең арзан бензин қазір бізде. Ол Қырғызстанға қарағанда арзан, Беларусь пен Ресейді қоса алғанда біздің айналамыздағы қалған елдерден де", - деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Қазақстан үкіметінің бензин бағасын реттеуден бас тартқаны белгілі болды. ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады.

Сонымен қатар, 20 тамыздан бастап Қазақстан теңгенің еркін ауытқу бағамына өтті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.3  course up  547.74  course up  4.79  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer