Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады © Tengrinews.kz

Көкшетауда жедел жәрдем станциясының үш қызметкері мен зейнеткер жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда жедел жәрдем станциясының үш қызметкері мен зейнеткер жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Mercedes жүргізушісі Көкшетауда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Шолпан Ниязованың айтуынша, дәрігерлер де зардап шеккен. "Біздің фельдшер зардап шекті, ол бассүйек-ми жарақатын алды, басы зақымданды, оң аяғы сынды, ол ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің миы шайқалған, амбулаторлық ем қабылдайды, санитар да. Көлікте біздің үш қызметкеріміз болды. Сонымен қатар, жедел жәрдем көлігімен олар 81 жастағы зейнеткерді әкетіп бара жатқан. Ол кеуде тұсының ауырғанын айтты, сондықтан ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол шокқа қарсы бөлімшеде жатыр", - деді ол.


© Tengrinews.kz

Mercedes көлігінің жүргізушісі, жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жарақат алмады. Ал Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегідер жол апатына кінәлі адамның кейін анықталатынын хабарлады.


© Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети