ШҚО-да шенеунік жол апатын жасаған баласын жалған сөз айтып, қорғамақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да шенеунік жол апатын жасаған баласын жалған сөз айтып, қорғамақ болды © omsk.aif.ru

Шығыс Қазақстан облысында әкімнің орынбасары жол апатын жасаған баласын тергеуді алдау арқылы қорғағысы келді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Теректі ауылдық округінің әкімінің орынбасары Ержан Сәйкеновтің баласы жол-көлік апатын жасаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында әкімнің орынбасары жол апатын жасаған баласын тергеуді алдау арқылы қорғағысы келді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Теректі ауылдық округінің әкімінің орынбасары Ержан Сәйкеновтің баласы жол-көлік апатын жасаған. 

"Полиция қызметкерінің рапортында "Қызыл ту" паром өткелінде Suzuki автомобилінің жүргізушісінің паром жұмысшысын қағып, оған былапыт сөз айтқаны жазылған. Бұдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері. Жүргізушіні тәртіп сақшылары тоқтатқысы келген, алайда ол полицейлердің талабын орындамады. 

Кейін жаяу жүргінші зардап шеккен оқиғадағы көліктің Теректі ауылдық округінің әкімінің орынбасары Ержан Сәйкеновке тиесілі екендігі анықталады. Бірақ сол күні көлікті оның баласы жүргізген. "Айта кетерлігі, түсініктемесінде Е.Сәйкенов автомобиль тізгінінде өзі болғанын жазған, осылайша ол жалған жауап беріп, істі тергеуге кедергі келтірді. Сонымен қатар, ол полиция өкілдеріне қатысты дөрекілік көрсетті", - деп хабарлады департаменттегілер.

Сәйкеновтің ісі тәртіптік кеңесте қаралды. Оның қорытындысы бойынша шенеунікті қызметінен босату ұсынылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети