25 қыркүйек 2015 | 12:12

Бас прокуратура шенеуніктерге пара алғызбаудың бір жолын ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© strategy2050.kz © strategy2050.kz

Халық бүгінгі таңда ІТ-технологиясының дамуына байланысты кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Халық бүгінгі таңда ІТ-технологиясының дамуына байланысты кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап.

"Адамдар болып жатқан оқиғаны камераға түсіріп, Интернетке, әлеуметтік желілерге салып, полиция мен мемлекеттік органдардың мәселені қарауын талап етеді. Ақпарат лезде тарап, резонансты болып шыға келеді. Көшелердегі камералар адамдарды тәртіпке салады. Сот істері аудиоға және видеоға жазылады. Жол полицейлері қазірдің өзінде видеотіркегіштерді тағып жүр. Біз түрмелерде де қызметкерлердің ғана емес, көпшілікке қолжетімді орындардың барлығын осындай техникамен жабдықтауды талап етіп отырмыз", - деді Жақып Асанов ҚР "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заңы талқыланған халықаралық мәслихат барысында.

"Мұның барлығы шенеуніктер жұмысының үнемі қоғам назарында екенін және олардың бұрынғыдай мәселені "шеше" алмайтынын түсінуге мәжбүрлейді", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның мәліметінше, қазіргі таңда Құқықтық статистика және арнайы есеп мәліметтер базасында шамамен 50 мың адам тұр, олар жемқорлық үшін жазаланғандар. "Олар ешқашан мемлекеттік қызметте істей алмайды. Жемқорлардың тізімі жыл сайын 3 мың адамға артып отырады. Қаншама сот, мемлекет оларды дайындау үшін қаншама қаржы жұмсайды, араларында өз ісінің қаншама маманы бар, олардың қабілеті сол сияқты көрінеді. Ақпараттың қолжетімсіз болуы, олардың жұмысының тасалануы оларды осындай әрекетке ұрындырды. Бір бөлігі қармаққа ілінді. Егер олардың ісі ашық, қоғамның бақылауында болғанда, олар мұндай заң бұзушылыққа бармайтын еді. Тұйықтықта азғырушылық көп болады, егер біз бұл заңды қабылдасақ, көпшілікті құтқарып, сақтап қаламыз. Бұл артықшылықтардың біреуі ғана", - деді Асанов.

Бас прокурордың орынбасары "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заң жобасын қоғамға қажет деп есептейді. "Құзырлы органның өкілі ретінде мен үшін мына мәселе маңызды - бұл заң ертең қаншалықты тиімді жұмыс істейді? Онда ақпаратты қолжетімді ететін құралдар жеткілікті ме? Меніңше, иә. Онда қажетті механизмдер бар - жоғары тұрған органда шағымдануға, прокуратурамен байланысуға және сотқа да бірден өтуге болады", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer