Алматы облысының тұрғындары, ерлі-зайыпты қариялар гауһар толарын түнгі клубта атап өтті. Тойшыбаевтардың 60 жылдық мерейтойларына ерекше сыйды немерелері жасады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
1
Алматы облысының тұрғындары, ерлі-зайыпты қариялар гауһар толарын түнгі клубта атап өтті. Тойшыбаевтардың 60 жылдық мерейтойларына ерекше сыйды немерелері жасады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Мәлік пен Сарқыт Тойшыбаевтар 1955 жылы үйленген. Қазір әйелі 75 жасқа, күйеуі 81 жасқа келді. Олар үйленген кезде тойдың болмағанын айтады. Онымен қоса, екі жас бірін-бірі танымаған. Оларды ата-аналары көне дәстүр бойынша үйлендіріпті.
"Біздің кезімізде жағдай қиын болды. Біз үнемі жұмыс істедік, балаларды тәрбиеледік. Әйелім сиыр сауды. Көп қиындық көрсек те бірге болдық", - деді Мәлік Тойшыбаев.
"Жұмыстан шаршап, ашуланып келеді. Ол ер адам ғой! Мен оны тыныштандырып, тамағын беремін. Сөзге келген кезіміз болды, бірақ балалардың көзінше емес. Барлық уақытта бірге болдық", - деді оның әйелі.
Мерейтой кезінде екі қарттың қасында 8 баласы, 30 немересі мен 15 шөбересі болды. Олар би билеп, көңіл көтерді.
Дереккөз: КТК
Ой естимеген елде коп. Тойхана аз ба еди. Тарсылдаган ауенге билетип ата ажени уят дагы
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00