Қазақстанда болған үйлену тойларының бірінің видеосы Интернетте кеңінен тарала бастады. "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде оны ондаған мың адам көрген.
5
Қазақстанда болған үйлену тойларының бірінің видеосы Интернетте кеңінен тарала бастады. "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде оны ондаған мың адам көрген.
Роликтен қалыңдықтың тұрмысқа шықпаған қыздарға теріс қарап тұрып қолындағы гүлін лақтырғанын көруге болады. Сол гүлді ұстаған қыз келесі болып тұрмысқа шығады деп есептеледі.
Видеодан гүлдің жерге түскенін және оны бір қыздың көтеріп алғанын көруге болады. Алайда асаба "есептелмейді" деп шешіп, қайта лақтыруын өтінді. Осы кезде қыздың анасы араласып: "қайдан алынғаны бәрібір емес пе" деді. Ақыры қалыңдық гүлді қайта лақтырды. Ол жолы гүлді басқа бір қыз ұстап алды.
Айта кетейік, осыған ұқсас видеолар бұған дейін де жарияланған болатын.
Таласып жүргендер байға шықпай отырып қалған кəрі қыздар болды ғой, қалыңдықтан бір нәрсе жұғарма екен деп ырым есебінде алып отыр. Осы қыздарға түсінбеймін! Біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы деп таңдап жүргенде қалай кемпір болып отырып қалғанын да білмей қалады.
қазақ бекер айтпаған "таңдаған тазыға жолығады"
Осы гүл болмаса байсыз қалама?
Осындай саны бар,сапасы жоқ ырымшыл асабаларда сандырақтайды екен.
Ұятын ай, не болған Қазақтың қыздарына?! жігіт қарамай жүрген сияқты ғой, күйеуге тиейін десе сол гүлді алса күйеулі болып қалатындай таласыпты ғой масқара. Гүлге таласпай, Қыз жолдас болмай күйеуге тиіп жатқандар қаншама. олардың сол мінездерін білген жігіт қалай үйленеді оларға. ондай қыздар күйеуін жұлудан да тайынбайтын шығар
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00