29 қыркүйек 2015 | 15:25

Жанкүйерлер "Астана" - "Галатасарай" матчына автобус-шаттлдарымен барып-қайта алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Astana.gov.kz © Astana.gov.kz

Жанкүйерлер "Астана" - "Галатасарай" матчына автобус-шаттлдарымен барып-қайта алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, матч ертең, 30 қыркүйекте "Астана-Арена" стадионында жергілікті уақытпен сағат 22.00-де басталады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жанкүйерлер "Астана" - "Галатасарай" матчына автобус-шаттлдарымен барып-қайта алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, матч ертең, 30 қыркүйекте "Астана-Арена" стадионында жергілікті уақытпен сағат 22.00-де басталады.

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, сағат 19.00-ден бастап матчтың аяқталуына дейін  Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер мен таксиден басқа көлік қозғалысы шектеледі. Жол бойында кептеліс болдырмау мақсатында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын футбол матчына барарда қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырды.

Әкімдіктің мәліметінше, көрермендер үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады. Сағат 19.00-де Мұнайтпасов атындағы стадион,  "Қазақстан" спорт сарайы,  "Хазірет Сұлтан" мешіті, "Нұр Астана" мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық цирк, Жеңіс даңғылы бойындағы "Жастар" театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды жинап алады. Жол жүру құны 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға - 40 теңге. Осы шаттлдарда жол жүру билеті жарамсыз. Сондай-ақ, "Астана-Арена" стадионына №10, 12, 27, 40, 43, 51 қоғамдық көліктерімен қатынауға болады. Ойын аяқталғаннан кейін көрермендер шаттл арқылы бастапқы жиналған жерге қайта алады. Қоғамдық көліктердің қайтар уақыты сағат 23.30-ға жоспарланған. Қоғамдық көліктер Қабанбай батыр даңғылы бойымен, "Астана-Арена" стадионы алдындағы алаңда тұрады. 

Сонымен қатар, көрермендер №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 55 және 61 қоғамдық көліктерімен қайта алады. Аталған маршруттар  сағат 01:00 дейін қатынайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.23  course down  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer