30 қыркүйек 2015 | 15:11

ІІМ-дегі қызметінен кеткен Балташев жастарға шектен шықпауды ескерткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация © Тengrinews Иллюстрация © Тengrinews

ІІМ-дегі қызметінен кеткен Бақытжан Балташев жастарға ескерту жасап, "шектен шықпауды" өтінген. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха Астанада үйлену тойының кортежіне қатысты болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ-дегі қызметінен кеткен Бақытжан Балташев жастарға ескерту жасап, "шектен шықпауды" өтінген. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха Астанада үйлену тойының кортежіне қатысты болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін жалпы отырыстың кулуарында әкімшілік полиция комитетінің басшысы бүгінгі таңда ел болып талқылап жатқан үйлену тойына өзінің де шақырту алғанын мойындады.

"Мен үйлену тойында болған жоқпын. Шақырған, бірақ мен жағдайларға байланысты барған жоқпын", - деді журналистерге Игорь Лепеха және ол қызметінен кеткен әріптесіне қатысты жеке тоқталды. Ол алқаның отставкаға жіберу туралы шешіміне баға берді.

"Ол (Балташев) еңбекке уақытша жарамсызбын деп кеткен жоқ, тығылған жоқ. Кеше таңертең келіп, өз еркімен баянат жазып кетті. (...) Ол офицер ретінде мұндай даудан кейін кетуім тиіс деп есептеді. Мен оның шешімін құрметтеймін", - деді әріптесінің баянатын қабылдаған Игорь Лепеха.

Комитет басшысы соттың айыптыларға қатысты бұлтартпау шарасын қолданатынын тағы бір мәрте мәлімдеді. Сонымен қатар, үйлену тойының кортежінде болған автокөліктердің кімге тиесілі екенін айтты. "Ол номерлер (көліктердің номері - Авт.) қазір көптеген сұрақ тудырып отыр. Мынадай түсінік бар: заңды және жеке тұлға. Үш әріп болса - жеке, екеу болса - заңды. Олардың қандай да бір мемлекеттік органдарға қатысы жоқ. Бүгінгі таңда кез келген ЖШС заңды тұлға ретінде тіркеліп, екі әріпті номерді ала алады. Көліктер жекенікі, фирмадан жалға алынған. Әрине, стробоскоптар да", - деді Игорь Лепеха.

Әріптесіне мінездеме берген Игорь Лепеха Бақытжан Балташевтің ІІМ басшылығына жақсы жағынан көрінгенін айтты. "Аса білікті, өз ісінің маманы, ол басқармада ұзақ уақыт бойы басшы болды. Менде жұмыс істеген кездері бойынша шағымым жоқ. (...) Ол маған былай деді: "Иә, мен үйлену тойының алдында жастарға ескерттім, шектен шықпаңдар дедім". Тағы бір айтқаны, ол өзі немесе туыстарының бірі жастарды қадағалау үшін бірге бармағанына кінәлі. Маған айтулары бойынша, ол жерде оның ұлының емес, қонақтардың бастамасы басымырақ болған", - деді Комитет басшысы.

"Біз көпшілік алдындағы адамдармыз, сондықтан туыстарымыз үшін де қандай да бір шараларға жауаптымыз", - деді Игорь Лепеха журналистерге бұл тақырыпты жабуды ұсынып.

Еске салайық, таяуда полиция полковнигі Бақытжан Балташев ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен берілген рапорт бойынша құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылды. Отставканың себебі - оның ұлының үйлену тойына жалданған той кортеждерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer