05 қазан 2015 | 14:13

Геннадий Головкиннің анасы "Жыл патриоты" байқауында жеңіске жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Елизавета Головкина мен Геннадий Головкин. © Vesti.kz Елизавета Головкина мен Геннадий Головкин. © Vesti.kz

Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина Жыл патриоты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина Жыл патриоты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өткен Патриоттардың республикалық форумында "Жыл патриоты" жыл сайынғы байқауында жеңіске жеткендер марапатталды. Сыйлықтар жеті аталым бойынша табыс етілді.

"Ана жүрегі" аталымында қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина жеңді.

Сонымен қатар, ғарышкер, ҚР ӘӘК полковнигі Айдын Айымбетов "Менің елім" және КСРО және ҚР халық әртісі Бибігүл Төлегенова "Биік руханият" сыйлықтарының лауреаты атанды.

Ал суға батып бара жатқан екі қызды құтқарған Батыс Қазақстанның 11 жастағы оқушысы Никита Тюкин "Ерлік" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, "Ел бірлігі" аталымында - "Динар - Электромаш" ЖШС (Ақтөбе облысы) істерін басқарушы Сергей Вишняк, "Нұрлы жол" аталымында "Қазлегпром - Алматы" ЖШС бас директоры Айбек Бектұрғанов, "Ерен еңбегі үшін" аталымында "Темірлан" ЖШС директоры Ерлан Арин жеңіске жетті.

Айта кетейік, форумда 20-дан аса адам сөз сөйледі. Олардың арасында обырмен күрес бойынша зерттеу жүргізуге 2 миллион долларын берген 25 жастағы бағдарламашы Асхат Мырзабаев бар. Ол табысқа қалай қол жеткізгенін және ғаламдық мақсаттарға қалай қол жеткізуге болатыны туралы ойын айтты.

"Мен қазір 25 жастамын, бірақ керемет жұмыс өтілінен басқа мен тағы бір маңызды нәрсені түсіндім. Ұлы, ғаламдық дүниені құру үшін ғаламдық деңгейде ойлау қажет. Әрдайым өзіңе терең мағыналы сұрақ қоюың керек. Менің өмірімнің мәні неде, мен қандай із қалдырамын, мен адамзатқа не бере аламын. Өзім үшін жауаптарын таптым: мен адамзаттың ең түйіткілді мәселелерін шешу арқылы ғылымның дауына қолдау көрсеткім келеді. Сондықтан өзім үшін, онкологиямен күрес бойынша зерттеу жүргізуге гонорарымнан екі миллион доллар бөлемін деп шештім", - деді Мырзабаев. Тағы бір маңызды нәрсе деп ол адамның ақыл-парасатының әлеуеті мен адамзат капиталының маңыздылығын атады.

Айта кетейік, Патриоттардың республикалық форумына елдің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан аса делегат жиналды. Форум 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған өз ісінің үздік мамандары қатысады: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, шаруалар, табысты кәсіпкерлер.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer