06 қазан 2015 | 16:54

Қазақстандықтар қандай ескі автокөліктерді жиі сатып алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ескі автокөліктердің нарығы 2015 жылдың тамызында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті, - деп хабарлайды "Автостат Инфо". Өткен жылы елімізде 43 542 автокөлік сатылса, биыл 44 271 данаға көбейген.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ескі автокөліктердің нарығы 2015 жылдың тамызында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті, - деп хабарлайды "Автостат Инфо". Өткен жылы елімізде 43 542 автокөлік сатылса, биыл 44 271 данаға көбейген.

Нарық құрылымында шетел көліктерінің сұранысқа ие екендігі хабарланып отыр. Олардың саудасы тамызда 2,6 пайызға өсті, сәйкесінше 35 558-ден 36 484 данаға дейін көбейді. Ресей автомобильдерінің саудасы 2,5 пайызға азайды, сәйкесінше өткен жылы 7984 дана көлік сатылса, 7787-сі өткен. 

Қазақстанда ескі автокөліктер нарығында Toyota көш бастап тұр. 2015 жылдың тамызында қолданыста болған 8688 дана Toyota сатылыпты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,6 пайызға көп, өткен жылы 6865 данасы сатылған. Алғашқы сегіз айдың қорытындысы бойынша, сауданың өсуі 77,3 пайызға тең. 

Сатылымы бойынша екінші орында "АвтоВАЗ" келеді. Тамызда ескі жеңіл автокөліктер нарығында елімізде 6823 "ВАЗ" автомобилі сатылыпты - бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға аз (өткен жылы 6853 дана авто сатылған). 2015 жылдың қаңтарынан тамызға дейін ескі "ВАЗдардың" жергілікті нарығында жылдық салыстыруда сатылым 69,3 пайызға көбейген, яғни 49 015-тен 82 994 данаға көбейіпті.

Ал үштікке Volkswagen маркалы автомобильдер кіріп отыр. Тамызда елімізде 3677 ескі Volkswagen сатылған, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен (4330 дана) салыстырғанда 15,1 пайызға аз. Алғашқы сегіз ай кезеңіндегі көрсеткіш бойынша бұл маркадағы автокөліктердің сатылымы 4,7 пайызға өсті, яғни 31 114-тен 31 413 данаға дейін көбейді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer