07 қазан 2015 | 14:41

Келімбетов қаражатын қай валютада сақтайтынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетов Кәсіпкерлер ұлттық палатасының доллардың теңгеге қатысты бағамын төмендетуге шара қолдану туралы ұсынысына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетов Кәсіпкерлер ұлттық палатасының доллардың теңгеге қатысты бағамын төмендетуге шара қолдану туралы ұсынысына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

КҰП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева экспортерларға арналған валюталық түсім саудасының міндетті бөлігін енгізу мүмкіндіктерін қарауды, сонымен қатар, ауытқушылық үш пайыз болғанда сатуды уақытша тоқтатуды ұсынды.  

"КҰП ұсынысы әсерлі айтылды, 300 деген барлығын қозғалтатын цифр делінген еді. Көп рақмет, Юлия Якупбаева, ол жақсы сарапшы. Біз экспортерлармен жұмыс істейміз. Олар бұрынғы тәрпіннен істеді және істеп жатыр. Біздің оларға наразылығымыз жоқ. Мынаны түсінулеріңіз керек, өткен жылдарда Ұлттық банк белсенді түрде араласты. Долларды экономикаға ұсыну біздің жұмысымыз. Бұл ажиотажды жоятындай интервенция да емес. Ол теңгенің қолдан жасалған тапшылығынан құтылу үшін долларды ұсыну. Біз мәселе туындамауы үшін валюта нарығындағы қатысымызды әдейі жариялаймыз. Ал басқа құралдарға қатысты айтатын болсақ, өз былықтарынан өздері қорыққан банктер былай дейді: бағамды бір күнде мыншадан жоғары көтермейікші", - деді Келімбетов Парламент кулуарында.

Оның айтуынша, бұл шаралар талқыланып жатыр, алайда шектеу әзірше жоқ.

"Біз қазір мәселені талқылап жатырмыз, әзірше шектеу қойылған жоқ. Бірақ жалпы алғанда, жағдай мен түсінік тұрақтанды. Әлдебір сарапшылар мен нарық ойыншыларының бағамның теп-теңдігін басқаша есептейтіндері сөзсіз. Бірақ бізге мынаны түсіну керек, өндірушілердің, доллар депозитін ұстайтындар мен тұтынушылар мүддесінің балансы әрдайым болады. Сондықтан Ұлттық банк мүдде балансын күзетеді. (...) Бізде доллар тапшылығы жоқ, доллармен бізде бәрі дұрыс, бағаммен де бәрі дұрыс, инфляциямен де бәрі дұрыс болады", - деді ол.

Сонымен қатар, сұрақтарға жауап берген Келімбетов ақшасын теңгемен сақтайтынын айтты.

"Ұлттық банктің өкілі ретінде, мен жинағымды теңгемен сақтауға тиіспін. Мен оларды солай сақтаймын да", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer