07 қазан 2015 | 18:04

Алматыда ресейлік "28 панфиловшы" фильмінің түсірілімі өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Түсірілім барысында Түсірілім барысында

Ресейлік түсірілім тобы "28 панфиловшы" фильмінің бірнеше кадрын түсіру үшін Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік түсірілім тобы "28 панфиловшы" фильмінің бірнеше кадрын түсіру үшін Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түсірілім жұмыстарының аяқталғаны белгілі, қазір картина пост-продакшн сатысына келді. Айта кетейік, фильм түсіріліміне дайындық жұмыстары 2013 жылы басталған болатын, ол кезде команда ақша жинауды қолға алды. Ниетті адамдар қаржылай көмек көрсетті. "28 панфиловшы" фильмінің бюджеті - 2 миллион доллар, оның төрт миллион рублі (шамамен 64 мың доллар) - ТМД елдері мен еуропалық мемлекеттердің қайырымды тұрғындары жинаған ақша. Сонымен қатар, түсірілімнің ортасында қаржыландыруға Ресей мен Қазақстанның мәдениет министрліктері қосылды. Қоюшы-режиссер Ким Дружининнің айтуынша, Қазақстан фильмді қолдауға 18 миллион рубль аударған, сонымен қатар, түсірілімді ұйымдастыру жұмыстарына көмектесті.

"28 панфиловшы" фильмінің жұмыстарына Ресей, Украина және Қазақстан актерлері қатысты. Қазақстандық жауынгердің ролін актер Азамат Нығманов сомдады, ол 2013 жылы Алматыда өткен "Еуразия" кинофестивалінде "Үздік актер" сыйлығын иеленген болатын. Сонымен қатар, картинаға қырғызстандық актер Азиз Бейшеналиев қатысты, ол Ақан Сатаевтың "Ликвидатор" фильміндегі ролі арқылы танылған.

"28 панфиловшы" фильмі 1941 жылғы күзде болған оқиғаларды көрсетеді, ол кезде немістер Волоколамск түбінде Мәскеуден екі сағаттық жерге таяды. Алайда сол тас жолда генерал Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы болды. Қарашаның 16-сы күні (генерал қайтыс болардан екі күн бұрын) Панфилов дивизиясының 1075 полкының 2-батальонының 4-ротасы Ұлы Отан соғысында аңызға айналған ұрысты бастан кешірді. Бұл ұрыста 28 панфиловшы Дубосеково разъезі маңына бекініп, немістің танк батальоны жолына тұрып, оларды тоқтатқан. 28 гвардияшыл-панфиловшының ерлігі Мәскеу үшін шайқастың ең жарқын символына айналды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer