08 қазан 2015 | 16:46

Доңыздардың ағзасы адамдарға донор болу үшін өзгертіліп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Америкалық ғалым доңыздардың ағзасын адамдарға салуға болатындай етіп жасап шығармақшы, - деп хабарлайды Nature. Гарвард медициналық мектебінің генетигі Джордж Черчтің (George Church) мәлімдеуінше, модификациялық жолмен сәтті трансплантацияға кедергі болған бұл жануарлардың эмбрионындағы 60-тан аса геннің негізгі екі мәселесі шешілді - иммундық жүйенің қабылдамауы және ағзаның вирустармен зақымдануы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық ғалым доңыздардың ағзасын адамдарға салуға болатындай етіп жасап шығармақшы, - деп хабарлайды Nature. Гарвард медициналық мектебінің генетигі Джордж Черчтің (George Church) мәлімдеуінше, модификациялық жолмен сәтті трансплантацияға кедергі болған бұл жануарлардың эмбрионындағы 60-тан аса геннің негізгі екі мәселесі шешілді - иммундық жүйенің қабылдамауы және ағзаның вирустармен зақымдануы.

Ғалымның айтуынша, CRISPR/Cas9 тәсілінің көмегімен мамандар вирустармен байланысты 62 генді жойды, олар доңыздардың барлық геноменіне кіріктірілген және оларды қарапайым еммен бейтараптандыруға немесе жоюға болмайды. Сонымен қатар, 20-дан аса ген модификацияланды, олардың арасында адам ағзасының иммундық жүйесіне жауап беретін гендер бар, олар адамға салынған шошқа ағзасының тойтарымына немесе қанның құйылуына жауапты.

Енді ғалым бұл процессті барынша арзандатқалы отыр. Оның сөзіне қарағанда, эмбриондар мегежіндерге салуға дайын тұр. Доңыздар залалсыздандырылған ортада бағылатын болады. Сонымен қатар, ғалымның мәлімдеуінше, егер CRISPR/Cas9 тәсілі сәтті шықса, онда оны адамдарға жасалатын терапияларға қолдануға болады. Ол генетикалық ауруларды емдеуге мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer