12 қазан 2015 | 15:33

Назарбаев Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Елбасы Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде тұрғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР қорғаныс министрін Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадтың табысты өтуімен құттықтады. Қазақстан Президенті Қытайдың халық-азаттық армиясы осы шара барысында бүкіл әлемге өзінің қуаты мен техникалық жарақтану деңгейін көрсеткенін айтты. Осы орайда екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚХР-дың Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы шартқа қатысты кепілдігін Қазақстан жоғары бағалайтынына назар аударды.

Чан Ваньцюань өткізілген кездесу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді.

ҚХР қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан Президентінің елдің жаңа келбетін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті. "Біз Сізді ұлы саясаткер және стратег санаймыз. Сіз Қазақстанның  қалыптасуы мен дамуына зор үлес қостыңыз, халық арасындағы беделіңіз зор", - деді Чан Ваньцюань.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer