12 қазан 2015 | 17:42

Экономика саласында Нобельді еске алу сыйлығының кімге берілетіні белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Экономика саласында Нобельді еске алу сыйлығын ағылшын-америкалық ғалым Энгус Дитон "кедейлік және ауқаттылық, тұтыну анализі" жұмысы үшін алатын болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Экономика саласында Нобельді еске алу сыйлығын ағылшын-америкалық ғалым Энгус Дитон "кедейлік және ауқаттылық, тұтыну анализі" жұмысы үшін алатын болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Биыл Нобель сыйлығының экономика саласындағы жүлдесі 8 миллион швед кроны (953 мың АҚШ доллары) болды. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Стокгольмде дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда, швед кәсіпкері әрі өнертапқышы Альфред Нобель қайтыс болған күні өтеді.

Айта кетейік, экономика саласындағы Нобель сыйлығы 1968 жылы тағайындалды, жеңімпаздардың ақшалай сыйақысына Швецияның мемлекеттік банкі жауапты. Нобельдің өзі тек бес жүлде ғана тағайындаған болатын: физиология немесе медицина, физика, химия, әдебиет және бейбітшілікті нығайту. 2013 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығын америкалықтар - Питер Хансен, Юджин Фама және Роберт Шиллер "активтер құнына эмпириялық талдау жасағаны" үшін алған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer