14 қазан 2015 | 10:40

Ішкі істер министрі Алматыда трамвай ұшыраған жол апатына қатысты пікір айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Территории происшествий" © "Территории происшествий"

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда трамвай ұшыраған жол апатына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда трамвай ұшыраған жол апатына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісінің таяу уақыттан бері трамвайдың қатысуымен екі бірдей жол-көлік оқиғасының болуына байланысты шаралардың күшейтілуі туралы сұрағына ол тергеудің енді ғана басталғанын айтты.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Шешім шығарылады. Сол кезде техникалық сараптамалар жүргізіліп, себебі анықталады", - деді министр Қасымов. Ал "Алматыда трамвай көлігін алып тастау" туралы сұраққа ол бұл мәселеге қатысты пікір білдіруге құқылы емес екендігін айтып, жауап берді.

Ал деподағылар болған оқиғаға қатысты түсінікті әзірше бермей отыр. Еске сала кетейік, кеше, 13 қазанда Алматыда рельстен шығып кеткен трамвай бірнеше автокөлікпен соқтығысып қалған еді.

Болжам бойынша, Мақатаев көшесінің бойымен қозғалып бара жатқан трамвай белгісіз себептермен Сейфуллин даңғылымен қиылыста он автомобильді соғып, кейін қозғалысын жалғастыра отырып тағы төрт көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір қыз зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді. Қыздың жағдайы әзірше белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы трамвайдағы ақаулардан болған.

"Осы дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша оқиғаның мән-жайы нақтырақ айтылады", - деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer