14 қазан 2015 | 15:42

Қазақстанда 2016 жылы нан қымбаттауы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© addmaster.net © addmaster.net

Қазақстанда 2016 жылы нан қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2016 жылы нан қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Ақпарат құралының мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру жүйесін жүргізбейді, сондықтан нан бағасын бақылау да тоқтатылады. Ал өндірушілермен қол қойылған меморандумдар жылдың соңына дейін ғана жарамды.  

"Статистика департаментінің мәліметінше, тамақ өнімдерінің біразында баға көтерілген. Қыркүйектегі көрсеткіш бойынша қант - 1,5, күріш - 0,5, ет 1 пайызға қымбаттаған", - деп хабарлады телеарна.

Мамандардың айтуына қарағанда, азық-түлік бағасының өсуіне бірқатар фактор әсер етіпті.

"Логистика мәселесі тағы бар. Ақшаның құнсыздануына байланысты көптеген тасымал компанияларында баға өзгерді. Сондықтан тауар әкелушілер шығынды өтеп, пайда табу үшін де азық-түлік бағасын көтереді", - деді Қазақстан тамақ кәсіпорындары одағының вице-президенті Айжан Наурызғалиева.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйектің басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нанның бағасын туралауды ұсынған болатын. Мемлекет басшысы Ақмола облысында шаруалармен кездесуі барысында "номері бірінші" азықтың бағасын қалыпты деп есептемейтінін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer