Назарбаев Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады © Sport.bigmir.net

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы жеделхатта Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен. "Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның - Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін", - делінген құттықтауда.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Геннадий Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети