Қостанайдың экс-әкімінің үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдың экс-әкімінің үй қамауындағы мерзімі ұзартылды © Tengrinews.kz

Бүгін Қостанай № 2 соты Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың үй қамауындағы мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қостанай № 2 соты Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың үй қамауындағы мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімнің ұзартылуы сот-фонографиялық сараптамасының дайын болмауымен байланысты. Сонымен қатар, тергеу ақылы күдікті Ахметжановтың ұқсас қылмыстар жасағаны анықталды, дегенмен оны дәлелдеу үшін қосымша уақыт керек.

"Бүгін  күдікті Ахметжановқа қатысты істі 8 қарашаға дейін тергеп біту мүмкін болмағандықтан, оны үй қамауында ұстау мерзімін 8 желтоқсанға дейін ұзартуды қажет деп табылды, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 8 қыркүйекте ұсталған болатын. Сол уақытта оған қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген күдік келді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети