28 қазан 2015 | 10:04

Батыс Қазақстанда былапыт сөз айтқан шенеунік қызметінен кетпейтін болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Mgorod.kz © Mgorod.kz

Кеше, 27 қазанда Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев "Қазақстан Орал" телеарнасының эфирінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының аудандық бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Имашевтің жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады, - деп жазады "Мой город". Айта кетейік, Имашевтің бір әйелге былапыт сөз айтқаны бейнеленген видео таралып, кейін шенеуніктің басы дауға қалған болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 27 қазанда Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев "Қазақстан Орал" телеарнасының эфирінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының аудандық бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Имашевтің жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады, - деп жазады "Мой город". Айта кетейік, Имашевтің бір әйелге былапыт сөз айтқаны бейнеленген видео таралып, кейін шенеуніктің басы дауға қалған болатын. 

"Оның бұл әрекеті мемлекеттік қызметке жатпайды және бұл әрекеттері тәртіптік кеңесте қаралып, заңнамаға сәйкес жазалау туралы шешім шығарылды. Тәртіптік кеңес сәйкес ұсынысты маған жолдады. Ол толық емес қызметтік сәйкестікпен жазаланды. Ал мемлекеттік қызметтен шығу-шықпауы оның жеке ісі. Өзінің қызметтік міндетін атқару мәселесінде оған қазіргі уақытта ешқандай қарсылығым жоқ", - деді аудан әкімі. 

Шенеунік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының аудандық бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Имашевтің ісінің мемлекеттік қызметтің атына кір келтіретінін айтты. "Ал қызметтен бос уақытта мас күйде бір әйелге былапыт сөз айтқаны мемлекеттік қызметкерге ғана емес, әрбір азаматқа ұят саналатын іс". 

Еске салайық, 9 шілдеде Батыс Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруалығының бөлім басшысы Бауыржан Имашевке қатысты істі қараған болатын. 

Өз кезегінде Бауыржан Имашев тәртіптік кеңес мүшелеріне бұл оқиғаның 2014 жылдың 29 желтоқсанында мерекелік кеш кезінде болғанын айтып берді. "Мен сол жерде шамамен бір сағат болдым. Кетейін деп жатып, бір әйелдің аяғын басып кеттім. Мен бірден кешірім сұрадым. Бірақ ол былапыт сөз айтып, ұрыса бастады. Мен тағы да кешірім сұрасам да басылар емес. Мен өте қатты шаршаңқы болып, шын мәнінде шыдай алмай, оған қарата ұрыстым. Келесі күні мен оның үйіне барып, кешірім сұрадым. Ол да кешірім сұрап, өзін ұстай алмағанын айтты. Мен барлығын түсініктемеде жаздым", - деді ол.

Алайда шенеуніктің бұл сөзіне тәртіптік кеңес мүшелері сене қоймады. "Не, осылай сөйлейтіндей ұлы болып кеттің бе?! Міне, адамдар камераларын арқалап күні бойы жүгіріп жүр, олар да шаршады, сонда не, олар да тойып алып, бәріне тиісуі керек пе? Шаршадыңдар ма? Қымыз немесе көже ішіңдер, бұл да шаршағанды басады. Масқара бұл. Және әкім де жақсы мінездеме береді. Менің ұсынысым - қызметінен босатылсын", - деді тәртіптік кеңес мүшесі, кәсіпкерлердің аймақтық палатасының директоры Кеңес Әбсатыров тілшілерге қарата. 

Алайда тәртіптік кеңестің өзге мүшелері мұндай жазалау түрінің тым қатал екенін айтты. Мәселен, БҚО әділет департаментінің басшысы Әсия Мұхитова мұның ардың ісі екенін атап отыр. "(...) Қызметіне толық сай емес деген шешім шығарайық, егер ол ер адам болса, қызметті өзі-ақ босатады", - деді ол.

Соңында Әсия Мұхитованың ұсынысы қабылданып, Бауыржан Имашевке қызметіне толық сай емес екендігі туралы ескерту жасалды. 

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer